Араб ғалымдары алжуға қарсы дәріні тапты
Араб ғалымдары алжуға қарсы дәріні тапты
3 жыл бұрын 2024 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем ғалымдары ондаған жылдар бойы қарттарға тән алжудың алдын алатын немесе мүлдем болдырмайтын дәрі формуласын жатпай-тұрмай іздеп келеді. Бұл тарапта ауыз толтырып айтарлық жетістіктер болғанымен қуануға әлі ерте екенін алға тартып отыр ғалымдар. Ал саудиялық ғалымдардың бұл бағытта елеулі жетістікке жетіп отырғанын атап өту керек. Бұл жайында islam.kz порталы Neuroscience ғылыми мерзмді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «К дәрумені жас ұлғая келе жабысатын Альцгеймер және өзге де алжу ауруымен байланысты конгнитивтік функцияның төмендеуіне жол бермейді немесе көп төмендетпейді»,- деп мәлімдеді әл-Мареф университетінің биологтері. Бұл тарапта тышқанға жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, К дәруменінің алжу дертіне қарсы тиімділігі жоғары болып шыққан. «К дәрумені қартаюға байланысты мінез-құлық, функционалдық, биохимиялық және гистопатологиялық өзгерістерді тежеуде тиімділігін көрсетті»,- деп мәлімдеді аталмыш зерттеуге атсалысқан әл-Мареф жоғарғы оқу орнының биологы Мұхаммед әл-Шәрбани. Cаудиялық ғалымдар нақтысында 3 айлық (бұл кеміргіштердің жетілген жасы) егеуқұйрықтарға менакинон-7 дәруменінің бір түрін қолданып көрген екен. Егеуқұйрықтардың бір тобы 17 ай бойы менахинон-7 дәруменін қабылдаса, екінші тобына берілген жоқ. Содан соң кеміргіштердің өзара қарым-қатынасы мен күйзеліске түскен-түспегені шытырман көмегімен тексерілді - менахинон-7 дәруменін қабылдағандар жақсы нәтиже көрсеткен. Дәлірегі, кеңістікте бағдар алу жадысы мықты болып шыққан, бұдан бөлек, үйреуге қабілетті болып шыққан. Тәжірибе жүргізілген кеміргіштер өлген соң да олардың тіні зерттелді: К дәрумені конгнитивті функцияның сақталуына ықпал ететін тирозин мен амин қышқылдарын істеп шығаруға көмектескен.

0 пікір
Мұрағат