Aнтибиотиктерге төзімді бактериялармен күресудің жаңа әдісі айтылды
Aнтибиотиктерге төзімді бактериялармен күресудің жаңа әдісі айтылды
3 ай бұрын 744 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Антибиотиктер заманауи медицинада таптырмас құралы болғанымен бактериялар бұл дәріге қарсы тұруды үйренді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кейбір елдерде қарапайым бактерия штаммдарының 42% антибиотиктерге төзімділік көрсететінін атап өтіп, мәселенің маңыздылығын атап көрсетеді. Осыған байланысты мұндай микроорганизмдермен күресудің жаңа стратегиялары үнемі іздестірілуде. Бұл жайында islam.kz порталы PLOS Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бактериялардың бірқатар антибиотиктерге тез бейімделетінін, микробқа қарсы пептидтер комбинацияларының әсеріне қарсы тұра алмайтынын білді. Еврей университетінің ғалымдары бұл тарапта ESKAPE қоздырғышы - Pseudomonas aeruginosa бойынша зерттеулер жүргізді, ол өзінің көп дәрілік заттарға төзімділігімен және биофильмдер түзу қабілетімен танымал. Бұл бағыттағы тәжірибе кезінде бактерия жаңа жағдайларға қалай бейімделетінін түсіну үшін микробқа қарсы пептидтерді қатыстырып (яғни, пептидтермен бірге) өсіріп көрді. Нәтижесінде Pseudomonas aeruginosa бактериясын дәрінің бір түрінің әсеріне ұшыратқанда аталған микроорганизм жедел төзімділік танытқан. Дегенмен, микробқа қарсы пептидтердің қоспасы пайдаланылған кезде төзімділіктің пайда болу ықтималдығы айтарлықтай төмендеді. Мұндай жағдайларда бактериялар төзімділік гендерін бір-біріне бере алмады. Бұл тәсіл аталмыш бактерияны осал етіп, қорғаныс тетіктерін дамытуын қиындатқан. Зерттеушілер бактериялар микробқа қарсы агенттердің бар-жоғын танып, олардан кем дегенде төрт апта бойы тиімді қорғана алатынын алға тартып отыр. Ұсынылған микробқа қарсы пептидті  тышқандарға сынап, оның улы емес екені дәлелденді. Болашақта ғалымдар бұл пептидтік қоспалардың иммундық жүйемен қалай әрекеттесетінін зерттеуді жоспарлап отыр. Егер иммундық жүйе пептидтердің әсерін күшейтетіні анықталса, бұл жайт дәрінің дозасын азайтуға мүмкіндік беріп, бактериялардың төзімділікті дамыту мүмкіндігін одан ары төмендетуге мүмкіндік береді.

 

0 пікір
Мұрағат