Антибиотикке төзімді бактерияларды жоюдың аса тиімді тәсілі табылды
Антибиотикке төзімді бактерияларды жоюдың аса тиімді тәсілі табылды
3 жыл бұрын 2989 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ультрақысқа лазерлік импульс антибиотикке төзімді бактериялар мен вирустарды олардың ішіндегі ақуызды бұзу арқылы жоя алады. Бұл жайында islam.kz порталы medicine.wustl.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бактерияларға қарсы антибиотиктің тиімділігі жоғалып барады. Оның орнын алмастыратын ем шаралары қарастырылуда. Сент-Луистегі Вашингтон университетінің ғалымдары адам жасушасына зиянын тигізбей, вирустар мен бактерияларды жоятын ультрқысқа лазерлік импульсті ойлап тапты. Америкалық ғалымдар негізінен назарын супербактерияның нақты екі түріне аударған еді: стафилококк (MRSA) және ішек таяқшасы. Нәтижесінде лазерлік импульс микробтың 99,9%-дан асасын жоя алған. Ғалымдардың айтуынша, лазер вирустар мен бактериялардың ішіндегі ақуыз құрылымын қоздырады, нәтижесінде оның молекулярлық байланысы үзіледі.

0 пікір
Мұрағат