Амфибия дроны құрастырылды (фото+видео)
Амфибия дроны құрастырылды (фото+видео)
3 жыл бұрын 2836 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Бехай университетінің, Лондонның империялық колледжінің және Швейцарияның Empa зерттеу институтының ғалымдары ерекше амфибия дронын құрастырды: құрылғы ұшады, суға сүңгиді, содан соң судан ытқып шығып, көкке ұмтылады немесе самғайды. Бұл жайында islam.kz порталы imperial.ac.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дрон батарея қуатын үнемдеу үшін арнайы силиконды дискінің көмегімен кез келген заттың тегіс әрі көлденең беткі жағына «жабысады». Бұл құрылғыны ғалымдар бас жағындағы арнайы сорғышты пайдаланып, өзінен ірі теңіз жануарларына жабысып, олардың қалдықтарымен қоректенетін жабысқақ балыққа қарап отырып жасады. Дрон кәдімгі квадрокоптер секілді ұшады, алайда, су астына сүңгігенде субмаринаға айналады. Дронның субмаринаға айналуына бар-жоғы 0,35 секунд уақыт кетеді. Су бетінің астында дрон әуе винттерін қозғалтуға және әртүрлі операцияларды орындауға, атап айтқанда борттық камераның көмегімен су астындағы нысандарды іздеуге мүмкіндік беретін өзінің пропеллерін арнайы орынға келтіреді. Су астында төтенше жағдайға тап болғанда дрон автономды режимде әрекет етеді, яғни, дербес әрекетке көшеді. Тіпті, болмаған жағдайда ол аз уақытқа судан ытқып шығып, 5G немесе Wi-Fi желісін пайдаланып, операторға сигнал жөнелтеді. Корпустың жоғарғы бөлігіндегі сорғыш - бұл құрлықта жұмыс істегенде өзінше артықшылығының бір түрі десе де болады. Дрон оны операция болмаған кезде батарея қуатын ысырап етпеу үшін пайдалана алады. Бірегей ұшқышсыз ұшатын аппарат океанографтар мен құтқару қызметтері үшін таптырмас көмекші және қоршаған ортаны бақылау және өнеркәсіптік тексерулер үшін пайдаланылуы мүмкін.

Рыба-прилипала

 

0 пікір
Мұрағат