Америкалық спутник күн энергиясын ғарыштан Жерге тікелей тасымалдады (видео)
|
Калифорния университетінің ғалымдары күн энергиясын ғарыштан тікелей жерге сымсыз беру технологиясын сынақтан тұңғыш рет сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибе «Ғарыш күн энергиясы» жоба аясында жүргізілді. Мұндағы мақсат күн энергиясын пайдаланудың мейлінше тиімді әрі тың әдісін табуға саяды. Қазіргі уақытта мұндай технология арқылы спутниктерді ғарыштың өзінде энергиямен қамтамасыз ету әрі оны жерге тасымалдау міндеті тұр. Бұл тарапта қуаттың жоғарылағанынан хабар беретін сигналды жіберетін микротолқынды эмиттер қолданылады. Нақты мәндер көрсетілмеген, алайда, жердегі қабылдағыш энергияның айтарлықтай көлемін емес, тек берілген (белгіленген) қолтаңбаның (сигнатураның) сигналын алғаны белгілі. Дегенмен, ғалымдар осының өзін үлкен жетістік санап отыр, өйткені, ғарышта энергияның сымсыз берілуін алғаш рет жүзеге асыра алды. Мұның түпкі мән-мағынасы – энергияның қосымша көздерін табуда ғана емес, сонымен қатар, осы күнгі итернет секілді күллі адамзат қол жеткізе алатын ортақ игілікке айналдыруда жатыр. Жаңғыртпалы энергия көзі бойынша өндірілетін күн энергиясын барлығы бірдей пайдалана алмайтынын мойындау керек, оның үстіне, тиісті жабдық қажет. Ал мына технологияда спутниктерді төмен орбитаға орналастыруға болады және олар күн энергиясын ауа райына қарамастан таратады, яғни, бұл технология бұлтты күні жұмыс істемейтін күн батареяларына қарағанда әлдеқайда тиімді.