Америкалық ғалымдар тәбетті басатын бірегей капсула шығарды
Америкалық ғалымдар тәбетті басатын бірегей капсула шығарды
4 ай бұрын 591 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының ғалымдары адам тәбетін төмендетудің амалын тапты.Асқазанды алдауға арналған капсула өз кезегінде артық салмақтан арылуға көмектеседі. Дәлірегі, тағамты әдеттегіден 40 пайызға аз тұтынуға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымның сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Асқазан ас қабылдаған кезінде созылады, міне, осы кезде адам миына кезбе жүйке жасушалары арқылы сигнал жіберіледі, содан кейін тоқтық сезімі пайда болады. Ғалымдардың бұл дәрісі сол рецепторларға әсер етіп, миға тоқтық сезімі жайында сигнал жібереді. Ол үшін дәріні тамақтану алдында, дәлірегі, 20 минут бұрын қабылдау керек. Капсула мөлшері кәдімгі мультивитаминді таблеткаға ұқсас және құрамында күміс оксидінің титтей аккумуляторы бар. Асқазан қышқылымен байланыста болған кезде дірілдерді белсендіретін электрондық тізбек тұйықталады, энергиясы 30 минутқа жетеді. Осыдан кейін капсула төрт-бес күн ішінде денеден табиғи жолмен, дәлірегі, дәретпен шығады. Ғалымдар діріл капсуласын қолдану кезінде ас қорытуды жақсартатын және қанықтыруды тудыратын C-пептидінің, YY пептидінің және GLP-1 гормондарының деңгейін арттыратынына көз жеткізген. Сонымен бірге, аштық сезіміне жауап беретін грелий гормонын төмендеткен. Аталмыш жаңалық семіздікпен күресуде үлкен маңызға ие екені атап өтілген. 

Ұқсас материалдар:

"Отасыз-ақ тәбетті тежеудің амалы табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/otasyz-aq-tabetti-tejeudin-amaly-tabyldy-18405/#gsc.tab=0); 

"Тәбетті басқару немесе семіздікті емдеу тетігі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tabetti-basqaru-nemese-semizdikti-emdeu-tetigi-tabyldy-15297/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат