3D принтерде қан тамырларындағы ұйыған қанды жоятын «штопорлар» басып шығарылды (видео)
3D принтерде қан тамырларындағы ұйыған қанды жоятын «штопорлар» басып шығарылды (видео)
4 ай бұрын 717 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Universidad de Twente

Голландиялық ғалымдар қан тамырларындағы ұйыған қанды ыдырататын шағын құрылғылар жасау үстінде. 3B принтерінде басып шығарылған құрылғыларды магнит өрісі арқылы басқаруға болады, ол тамыр ішінде тромбтың (ұйыған қан) орналасқан жеріне қарай жылжиды. Бұл жайында islam.kz порталы utwente.nl ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әрбір боттың көлемі күріш дәніндей ғана және 1 х 1 мм болатын тұрақты магниті бар. Құрылғыны жылжыту үшін ғалымдар сыртқы айналатын магнитті пайдаланады. Ол миллиметрлік роботтың магниттелген денесін бойлық ось бойымен айналуға мәжбүрлейді, бұл жайт оның тамыр ішінде, тіпті, қан ағымының бағытына қарсы «жүзуге» мүмкіндік береді. Робот тамырға қуыс медициналық түтік арқылы енгізіледі. Сыртынан басқару арқылы тромбқа қарай жылжытуға болады және ұйыған қанды ыдыратады. Осы процедурадан кейін зерттеушілер сыртқы магниттің айналу бағытын өзгертіп, роботты шығатын жағына қарай жүзуге мәжбүрлейді. Содан кейін құрылғыны тамырдан қауіпсіз жолмен алып тастауға болады.

0 пікір
Мұрағат