Альцгеймер осы заманға тән дерт екені айтылды
Альцгеймер осы заманға тән дерт екені айтылды
4 ай бұрын 1343 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иллинойс университетінің (Америка құрама штаттары) ғалымдары психологиялық жайсыздық  алжу ауруының пайда болу қаупін арттыруы мүмкін деген қорытындыға келді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі алдына мақсат қоймаған адамның, сондай-ақ, жеке басының тұлғалық тұрғыдан өсіп-жетілуіне  мүмкіндіктердің болмауы немесе шектелуі когнитивті ауытқуға ұшырататынын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар Иллинойс штатындағы 910 адамның психологиялық жай-күйін орташа есеппен 14 жыл бойы бақылап, олардың қаншалықты деңгейде когнитивті ауытқуға немесе алжу ауруына шалдыққанын анықтады. Жыл сайын бұл тараптағы тәжірибеге қатысқандар психологиялық жай-күйіне қатысты тест тапсырып отырды. Тест адамның мақсаты, басқалармен қарым-қатынасы, мансабы, тұлғалық өсуі, дербестігі, т.б. сияқты аспектілерді қамтыды. Бақылау барысында олардың 29% -на жеңіл-желпі когнитивтік ауытқу диагнозы қойылды, олардың 34%-ы кейіні алжу ауруынан зардап шекті. Соңғы талдау нәтижесінде 229-ның деректері қамтылды, олардың 73-і алжудан зардап шегетін науқасқа айналған. Когнитивтік функциялар адамның өзін қоршаған дүниені және өзін саналы түрде сезінуіне мүмкіндік беретін мидың ең күрделі қабілеттеріне тән қызмет. Конгнитивті ауытқудың негізгі себептерінің бірі - Альцгеймер ауруы. Бұл аурудың белгілеріне есте сақтау қабілетін жоғалу, сөйлеу қабілетінен айырылу, кеңістікте бағдарын таппау және өзін-өзі күтуден қалу жатады. Ричард Окли есімді Альцгеймер қоғамының дәрігері ішкен асыңыздан бастап, әлеуметтік белсенділікке дейінгі өмір сүру салтының деменцияның даму қаупін азайтуға немесе өршітуге ықпал ететінін алға тартты. Дегенмен, ол психологиялық жай-күйдің когнитивті ауытқуға қалай бастайтынын анықтау үшін бұл тарапта қосымша зерттеулер қажет екенін жоққа шығармайды. Осы орайда ғалымдар алжудың осы заманға тән ауру екенін, көне тарихи жазбаларда мұндай дерт туралы деректің өте сирек кездесетінін мәлімдегенін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат