Аллергия мен стресс арасында да байланыс бар болып шықты
Аллергия мен стресс арасында да байланыс бар болып шықты
4 жыл бұрын 2961 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның Осака университетінің ғалымдары стрестің аллергияның пайда болуына әсерін зерттеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған International Journal of Molecular Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта жүргізілген тәжірибе мен қадағалау нәтижесі көрсеткендей, аллергиялық реакция мен кортикотропинді (гормон) бөлетін стресс гормоны арасында байланыс бар болып шыққан. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен профессор Мика Яманака-Такаичидің айтуынша, психологиялық стрес алғанда аллергиясы қозып кететітін пациенттер де кездеседі. Осылай деген ол осындай пациенттер бұл тараптағы зерттеуге итермелегінін жасырмады. Осынау зерттеу аясында ғалымдар мұрын қуысына (ағзасына) CRH-ді (кортикотропин) қосып көрді. Нәтижесінде аллергиялық және анафилактикалық реакцияны күшейтуге атсалысатын мастикалық жасушалар артқан. Мұндай реакция тышқан мұрын қуысының шырышты қабатынан да байқалған. 

Ұқсас материалдар: 

«Аллергия кейбіреулерде бар, кейбіреулерде жоқ – сыры неде?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/allergiya-keibireulerde-bar-keibireulerde-joq-syry-nede-14968/#gsc.tab=0); 

«Аллергияға қарсы тиімді зат табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/allergiyaga-qarsy-tiimdi-zat-tabyldy-14949/#gsc.tab=0); 

"Жаңа иммундық жасуша демікпе мен аллергияға қарсы күресте төтеп беруге көмектеседі" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-immundyq-jasusha-demikpe-men-allergiyaga-qarsy-kureste-totep-beruge-komektesedi-13792/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат