Алжу да жұқпалы дерт болып шықты
Алжу да жұқпалы дерт болып шықты
5 жыл бұрын 6500 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Альцгеймер ауруы – деменцияның (алжудың) кеңінен тараған түрі, нейродегенеративті дерт. Алағаш рет – 1907 жылы аталмыш ауруды сипаттап жазғаны үшін неміс психиатры Алиос Альцгеймердің атымен аталады. Бұл дерт ақыл-есті білдірмей алатын, яғни, білінер-білінбес симптомдармен басталып, уақыт өте келе, асқынса, бой бермей кететін дерт. Осыдан 60 жыл бұрын мешел балалардың бойын өсіру үшін өлген адамдардың гипофизынан (гипофиз – ми сүйегінің құрылымындағы көлемі ұсақ бұршақтай болатын темір. Ол эндрокиндік темірдің қызметін басқарады) алынған өсу гормонымен емдей бастаған болатын. Бүгінде ғалымдарға бір кездері балалардың организіміне енгізілген гормон үлгісін алудың сәті түскен еді. Одан Альцгеймер ауруын тудыратын ақуыз табылған болатын. Ғалымдар аурудың жүйке тіндерін трансплантациялаған кезде өзге адамға берілетінін немесе берілмейтінін тексеріп көрмек болады. 1958 жылы дәрігерлер бойының өсуі баяулаған балаларға көмектесудің жолдарын іздестіреді. Осы мақсатта олардың организіміне өлген адамның гипофизінен бөлінген донорлық өсу гормонын енгізеді. Бұл процедура өз кезегінде олардың бойының өсуіне түрткі болды. Алайда, жанама (кері) әсерін де тигізгенін де айта кету керек. Ширек ғасырдан соң, яғни, араға жиыр бес жыл салып, олардың бойында аталмыш процедураның кері әсері көрініс тапты: миларына зақым келген – жүйке тіндері мен тамырларында дұрыс «қатталмаған» ақуыз-приондар жиналып қалатын. Крейцфельд-Якоб ауруы секілді белгілі аурулар әдетте мутация нәтижесінде өздігінен немесе каннибализм (мәйіттен берілу) арқылы пайда болады. Приондық ақуызды өзге организмге кіріктіру өз кезегінде аталмыш ауруды тудыратынына көз жеткізген соң өлген адамның өсу гормонының донорлығына қатаң тыйым салды. Десе де бұл мәселе осымен біте қоймайды. Приондық ауру баяу дамиды. Алғашқы ақуыз өзге ақуыздардың құрылымында өзгеріс тудыру арқылы дұрыс «қатталмаудың» тізбекті реакциясын тудырады. «Инфекцияның» инкубациялық кезеңі ондаған жылдарға созылады, бала кезінде өсу гормонына түскен ақау есейгенде сыр береді. Мұндай ауруды анықтау үшін аттай отыз жыл кетеді. Бұл аралықта мұндай дертке шалдыққан науқастардан екі жүзден аса пациент бақилық болып кеткен еді. Осыдан бес жылдай бұрын халықаралық ғалымдар тобы бала кезінде бой өсіретін гормон егілген, 36-51 жас аралықтарында Крейцфельд-Якоб дертінен көз жұмған сегіз адамның миынан фрагмент алып, арнайы зерттеген болатын. Олардың төртеуінен приондық ақуыздан бөлек бета-амилоидты – Альцгеймер ауруына тән ақуызды тапқан болатын. Олардың бәрінде де көздері тірі кезінде Альцгеймер ауруына тән сыртқы симптомдары білінген емес. Бір түсініксіз жері – пациенттердің миында бета-амилоид қайдан болған, оның приондық аурумен қандай да бір байланысы бар ма... Ғалымдар бұл бағытта ары ізденіп, бала кезінде оларға ектірілген өсу гормонының қалған жұрнағын зерделеп, зерттеген болатын. Алдымен ғалымдар олардың организіміне енгізілген өсу гормонынан бөлек өзге ақуыздың бар-жоғын тексерген болатын. Өсу гормонынан басқа бета-амилоиді мен тау-ақуызының екі әртүрлілігін тапқан еді. (Тау-ақуызы да Альцгеймер ауруының өршуіне апарып соқтыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды). Осыдан кейін ғалымдар аталған ақуыздардың тышқандарда Альцгеймер ауруын тудыратынына немесе тудырмайтынына көз жеткізбек болып, адамға тән бета-амилоидті экспрессиялай әрі жинақтай алатын модификацияланған тышқандарға тәжірибе жасап көреді. Бұл тышқандар ауруға бейім болғанымен олар өмірге келгеніне алты айдан соң білінеді. Яғни, ауру алты айдан кейін сыр берген. Осылайша Альцгеймердің ақуыз деңгейінде жұқпалы дерт екені ресми дәлелденді. Донордың бета-амилоиді миға енген соң реципиенттің бета-амилоидтің жиналуына ықпал етеді. Егер науқас приондық аурудан өлмесе, кейін ол Альцгеймер ауруына шалдығады. Десе де былайға өмірде уайымға салынудың еш қажеті жоқ, өйткені, мұндай жолмен адамға тек трансплантация кезінде ғана жұғады. Сөйтсе де бұл тәжірибе мен зерттеуден не түйдік немесе қандай сабақ алдық? Адамның жүйке жүйесімен байланысты операция үшін донорды талғап, таңдап алуға үйретеді.

Қарай отырыңыздар: 

"Деменция" (http://islam.kz/kk/news/alem/dementsiya-11669/#gsc.tab=0) 

Альцгеймер ауруы туралы нақты ақпарат алғыңыз келсе, мына сілтемеден оқи аласыздар: 

Альцгеймер ауруы дегеніміз не?

(https://vk.com/@oyla_xyz-alcgeimer-auruy-degenmz-ne)

0 пікір
Мұрағат