Әлемде қанша адам «алтын қанға» ие
Әлемде қанша адам «алтын қанға» ие
4 жыл бұрын 14676 материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гипер сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша бар-жоғы 43 адам ғана аса сирек кездесетін резус-факторы («резус-факторы» терминінің анықтамасы: Резус-фактор — эритроциттердің беткі қабатында орналасқан нәруызD-антигені. Егер сіздің қаныңызда бұл нәруыз болса онда резус-фактор оң (Rh+), егер болмаса — теріс (Rh–) - massaget.kz дерек көзінен) нөлдік деңгейдегі қан тобына ие болып шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өте сирек кездесетіндіктен мұндай қан «алтын қан» аталып кеткен. Мұндай қан барлық қан тобына жарай береді, яғни, барық қан тобындағыларға құюға болады, алайда, мұндай резус-факторы нөлдік деңгейдегі қанға ие адамдар тек осындай қанға ие адамдардың ғана жарайды. Федералды жаңалықтар агенттігі келтірген дерекке қарағанда, стандартты қан топтары Rh+ немесе Rh- таңбасымен белгіленеді, ал резусы жоқ «алтын қан» Rhnull деп белгіленеді. Ғалымдардың айтуынша, резусы жоқ қан – ең ежелгі қан. Мұндай қан тобындағылардың бойында гемолотикалық анемия дертінің даму қатері жоғары – эритроциттердің шектен тыс нәзіктігінен.

Ұқсас материалдар:

"Әлемде сақтаулы сирек қанның 10%-ы Иранда" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-saqtauly-sirek-qannyn-10-y-iranda-14715/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат