Айна өмір: ғалымдар жаңа биологиялық қауіп туралы дабыл қағуда
Айна өмір: ғалымдар жаңа биологиялық қауіп туралы дабыл қағуда
12 сағат бұрын 146 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін "айна" молекулаларына негізделген организмдердің пайда болу қатерін талқылауды күн тәртібіне шығармақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Science мерзімді басылымына жөн сілтеген securitylab ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өмірдің барлық белгілі тіршілік иелерінің өмірі бір принципке негізделген: ДНҚ және РНҚ молекулалары "оң жақ" бағытқа ие, ал ақуыздар түзілетін аминқышқылдары "сол жақ". Гомохирализм деп аталатын бұл құбылыс биологиялық процестердің бізге таныс формада жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Алайда, кері бағдарланған молекулалар бар, бұл молекулалар ғалымдардың назарын өзіне аударып отыр: осындай "төңкерілген" компоненттерге негізделген өмір құруға бола ма? Бірқатар зерттеушілер осы бағытта тәжірибе жүргізе бастады: 2016 жылы ДНҚ-полимеразаның (ДНҚ-ны көшіруге және транскрипциялауға жауапты фермент) айна тәрізді ұқсас баламасы жасалды. Бұл жетістік бір кездері маңызды қадам деп аталғанымен, бүгінде ол үлкен алаңдаушылық тудырады. Сыншылар айна құрылымы бар организмдер бақылауға көнбейтін қауіпке айналуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Мұндай тіршілік формалары қарапайым бактериялардың таралуын шектейтін тетіктерге бағынбайды: оларға антибиотиктер, иммундық жүйе, сондай-ақ, ақуыздарды ыдырататын ферменттер әсер етпейді. Стэнфорд университетінің ғалымдары мұндай тәжірибе синтетикалық биология технологияының дамуына үлкен ықпалын тигізетінін алға тартқанымен өмірдің айна формаларын құру адамзаттың әлі келмейтін қауіп-қатер тудыруы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Мамандар осы саладағы тәжірибелерді тоқтата тұруды және осындай зерттеулерді бақылау мен басқару тәсілдерін әзірлеу үшін алдымен жан-жақты талқылап алуды жөн көріп отыр. Өйткені, екпе жасау мүмкін емес бактерияның қауіпі туралы ғалымдар дабыл қаға бастады. Daily Mail дерек көзіне сұхбат берген Грегори Уинтер есімді химия саласы бойынша Нобел сыйлығының иегері әрі Кембридж университетінің профессорының мәлімдеуінше, егер айна микробы деп аталатын тіршілік формалары зертханадан сыртқа тарап кетсе, оның апатты зиянын тоқтату мүмкін болмай қалады. Тіршілікке қажетті көптеген молекулалар екі түрлі формада бола алады, олардың әрқайсысы бір-бірінің айнадағы бейнесі деуге келеді. Барлық тірі организмдердің ДНҚ-сы «оң жақты» нуклеотидтерден құралады, ал ақуыздардың, жасушалардың құрылыс блоктары «сол жақ» аминқышқылдарынан құралады. Алайда, айналы микробтардың ДНҚ-сында нуоклетидтер «сол жаққа», амин қышқылдары «оң жаққа» айналады. Мұндай микроорганизмдер тек жасанды жолмен ғана пайда болуы мүмкін. Айналы бактерияларға қарсы екпе жасау мүмкін еместігін алға тартқан америкалық ғалымның айтуынша, олар жануарлар мен өсімдіктерге жұғып, нағыз зобалаң тудыруы мүмкін. Профессордың айтуынша, "айна" микробтарының дәрі-дәрмекке мұндай жоғары деңгейдегі төзімділігі тірі организмге тән иммундық жүйесінің ДНҚ-ның қалыпты құрылымына үйренгендіктен айна микрорганизімдерін тани алмайтындығымен байланысты. Адам организіміне мұндай бактериялар енген жағдайда денеңізге түскен жара ешуақытта жазылмайды немесе қан тамырларын бітеп тастайды. Бұдан бөлек, қан тамырлары бітелген соң айна бактерияларының инфекциясының арты инсультке айналуы мүмкін. Арнайы антибиотиктер немесе вирустар ерекше патогендерге қарсы көмектесуі мүмкін, алайда, мұндай зерттеулерге адамзаттың уақыты жетпеуі мүмкін. "Егер айна бактериялары қоршаған ортаға енсе, климат дағдарысы проблемасы бұл апаттың жанында маңызсыз болып қалады", - деп қорытындылады сөзін Нобел сыйлығының иегері.

0 пікір
Мұрағат