AI ғимараттардың температурасын 20 ° C төмендететін жабынды жасады: бұл материал кондиционерлерге жұмсалатын шығынды едәуір қысқартады
AI ғимараттардың температурасын 20 ° C төмендететін жабынды жасады: бұл материал кондиционерлерге жұмсалатын шығынды едәуір қысқартады
5 ай бұрын 1081 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар нейрожеліні ыстықта энергияны көп тұтынатын желдеткішті пайдалануды шектеу үшін, яғни, энергия өндіру кезінде қоршаған ортаға келетін зиянды азайту үшін ғимарат температурасын төмендетуге мүмкіндік беретін жылу жабындысын жасауға пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдардың халықаралық тобы жасанды зерде көмегімен желдеткішті пайдаланбай ғимарат температурасын 5–20 °C-қа түсіре алатын жабыгдыны – жылу меташығарғыш материал әзірледі. Ыстық ауа райында немесе аптапты бұл технология көп пәтерлі үйге жылына сағатына шаққанда 15 800 кВт үнемдеуге мүмкіндік береді. Машинамен оқыту алгоритмдері жылу сәулесін басқаратын метаматериалдардың 1500-ден астам нұсқасын жобалады. Материалдар күн сәулесін шағылыстырып және белгілі бір толқын ұзындықтарында жылу бөліп, жылу сәулесін дәл бақылай алатын күрделі үш өлшемді құрылымдардан тұрады. Мұндай құрылым электр энергиясын пайдаланбай айтарлықтай салқындату әсеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Зерттеушілердің есебі бойынша, мұндай салқындату деңгейі ыстық климаттағы көп пәтерлі үйде жылына шамамен 15 800 кВт энергияны үнемдеуі мүмкін. Салыстыру үшін алсақ: типтік кондиционер немесе кәдімгі желдеткіш жылына шамамен 1500 кВт энергия тұтынады. АІ технологиясы, сондай-ақ, түрлі климат мен өзге де мақсаттарға қолдануға келетін материалдардың жеті түрін әзірледі. Материалдар ғимараттарды салқындату үшін ғана емес, сондай-ақ, қалалық жерге тән жылу аралының әсерімен күресу, автокөліетерді, тоқыма бұйымдарды, тіпті, ғарыш аппараттарын салқындату үшін де пайдаланылуы мүмкін.Аталмыш зерттеуге атсалысқан Кан Иаоның айтуынша, мұндай материалдарды жобалаудың әдеттегі әдістері баяу және тиімсіз болған. АІ көмегімен жүргізілетін жаңа тәсіл шектеулерді айналып өтіп, күрделі үш өлшемді құрылымдарды құруды жеделдетуге мүмкіндік берген.

0 пікір
Мұрағат