|
Пәкістан төлқұжатқа әкесінің ғана емес, анасының да аты-жөнін енгізбек
|
Пәкістанның федералды үкіметі бұдан былай берілетін адамның жеке басын куәландыратын төлқұжатқа адамның тек әкесінің ғана емес, сонымен қатар, анасының да аты-жөнін жазуды міндеттейтін шешім қабылдамақ. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің көші-қон және төлқұжат жөніндегі басқарманың ресми өкілі ел билігінің бұл қадамы халықаралық стандарттарға сай келетінін әрі даму үстіндегі әлеуметтік талаптарға жауап беретінін алға тартты. Дәлірегі, мұндай өзгеріс ең алдымен жаһандық құжат нормаларымен сәйкестендіру үшін қолданысқа енгізілейін деп жатыр. Мерзімі өтпеген төлқұжат иелеріне бұл талап жүрмейді. Жаңасына ауыстырған кезде мұндай норма қолданылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытайдың Такламакан шөліндегі бидай өнімділігі ұлттық орташа көрсеткішті екі есеге арттырды
■
Әлемді жаңа әлеуметтік желі жаулай бастады
■
Өсімдік регенерациясының құпиясы ашылды
■
Жасанды зердеге байланысты студенттерді дипломды қорғау жұмысын жазудан босатты
■
Түркияда қарттарға жасанды зердені пайдалануға лицензия береді – цифрлы қатерден қорғау үшін