Ағашты шыныдан да мөлдір, мықты әрі жеңіл етудің жолы табылды (видео)
Ағашты шыныдан да мөлдір, мықты әрі жеңіл етудің жолы табылды (видео)
4 жыл бұрын 4295 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Мэриленд университетінің ғалымдары ағашты мөлдір етудің амалын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына және осы турасында хабарлаған chudo.tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, осыдан аттай 4 ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Ағаштан шыны жасалды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/agashtan-shyny-jasaldy-14226/#gsc.tab=0) материалымызда мөлдір ағаштың жасалу мақсаты мен тиімділігі жөнінде сөз еткенбіз. Ең негізгісі – ағаш шыныға қарағанда мықты әрі берік келеді, яғни, әйнек секілді сынып кетпейді. Бұл тараптағы талпыныс өз жемісін беріп, технологиясы пайда болса да бұл жоба сол күйі коммерциялық мақсатта пайдаланылмай қалды – жасалу тәсілінің күрделілігіне байланысты. Бұрынғы әдіс бойынша ағашты мөлдір ету үшін лигнинді жою кезінде химикат қолданылатын. Бұл процесс көп уақыт алады әрі көп мөлшерде сұйық қалдық бөледі, осындай машақатпен алынған ағаш шыны әлсіз келеді. Осындай әуресін ескерген ғалымдар ағашты лигнинді жоймай-ақ мөлдір етудің амалын тапты. Бұл процестің негізгі ерекшелігі сонда – лигнинді жоймай-ақ оны алмастырады: ағаштың түсін келтіруге қатысатын лигнин молекуласын жояды. Алдымен ғалымдар ағаштың беткі жағына сутегі тотығын қолданды, содан соң ағашты ультркүлгін сәуленің (немесе табиғи күн көзі) әсеріне ұшыратты. Содан кейін ағашты одан ары тазарту үшін этанолға малды, экпоксидпен өңдеді. 

 

0 пікір
Мұрағат