Ағаштан электр өндірудің жолы табылды
Ағаштан электр өндірудің жолы табылды
4 жыл бұрын 2048 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Швейцарияның жоғарғы техникалық мектебінің ғалымдары ағаштан электр өндірудің әдісін ойлап тапты. Ол үшін ағаштың химиялық құрамы өзгертілді. Бұл жайында islam.kz порталы electrek.co ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Модификацияланған, шағын генераторға айналдырылған ағашты бассаңыз, электр генерациялайды. Мұндай ағаш өз кезегінде болашақта биосенсор немесе экологиялық құрылыс материалы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Инго Бургерт есімді швейцариялық ғалым мен оның тобы ағаштың тек құрылыс материалы ретінде ғана емес, сонымен қатар, электр көзі ретінде де адамзатқа қызмет ете алатынын көрсетіп берді. Бұл бағытта олар кәдімгі ағашты мықтылығы жоғары, су өткізбейтін әрі магниттелетін ағашқа айналдырды. Содан соң Empa зерттеу тобымен бірге ағаштан электр кернеуін өндіру үшін бірыңғай химиялық және биологиялық процесті қолданды. Бұл жайт өз кезегінде ағаштың пьезоэлектрлік эффектісін арттырған. Ғалымдардың түсіндіруінше, ағаштың, дәлірегі,  пьезоэлектрлік материалдың икемге келетін өзгермелігі (яғни, эластикалық деформациясы) электр өндіруге мүмкіндік бермек. Өлшеуші технология бұл құбылысты механикалық салмақ түскенде заряд сигналын генерациялайтын датчиктің көмегімен тіркеп отырады. Алайда, аталмыш датчик үшін пайдаланылатын көптеген материалдар биомедициналық мақсатта қолдануға жарамсыз болып келеді. Мәселен, қорғасынның цирконат-титанаты (PZT) улы болғандықтан оны теріге қолдануға болмайды. Осы тұста ағаштың табиғи пьезоэлектрлі эффектіге ие екенін айта кету керек, ол өте төменгі деңгейде электр кернеуін тудыра алады. Ал ғалымдар оның химиялық құрамын өзгерте отырып, кернеуін арттыруға қол жеткізе алған.

Ұқсас материалдар:

«Ағаштан «жанармай-жағармай» алынды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/agashtan-janarmai-jagarmai-alyndy-14592/#gsc.tab=0);

«Ағашты шыныдан да мөлдір, мықты әрі жеңіл етудің жолы табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/agashty-shynydan-da-moldir-myqty-ari-jenil-etudin-joly-tabyldy-video-14773/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат