Адамның қалыпты дене температурасы соңғы 150 жылда төмендеген
|
Адамның дене температурасының қалыпты мөлшері белгілі болғаннан бері адамның қалыпты дене температурасы осы уақытқа дейін 37 DEGC саналып келген еді. Аталмыш стандартты 1851 жылы Карл Рейнхольд Август Вундерлих есімді неміс дәрігері әрі ғалым белгілеп беріп кеткен болатын. Ол бұл стандартты белгілемес бұрын он мыңдаған пациенттің дене температурасын миллион рет өлшеген шығар. Адамның «қалыпты» дене температурасын анықтау үшін неміс ғалымы пайдаланған құрал сол кездегі ең озық, замануи құрал болды. Алайда, бүгінгі күнге аталған құралмен адамның қалыпты дене температурасын өлшеуге келмейді. Бұдан бөлек, XIX ғасырда адамның дене температурасы оның организіміндегі гормонды бөліп шығару, зат алмасу, стресс, т.б. деңгейін анықтайтын немесе өзге де факторларды ескеруге мүмкіндік беретін құрал немесе дерек болған емес. Осыған байланысты осы күнгі ғалымдар мен клиницистер неміс ғалымының стандартын мойындай бермейді. Десе де басты себеп құралдың жетілдірілмеуінен немесе сол кездегі дәрігерлер біліктілігінің төмен болғанында жатқан жоқ. Стэнфорд университетіне қарасты медицина мектебінің ғалымдары осы бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, осы заманғы адам үшін неміс ғалымының стандарты (37 DEGC) жарамайтынына көз жеткізген. Зерттеу авторалары мәліметтерді зерделеп, талдап көрген екен: Ең ертедегі мағлұмат Одақ әскерінің 24 мың ардагерінің дерегі болды – медициналық көрсеткіштео 1862-1930 жылдар аралығын қамтыған. Мағлұматтардың екінші тобында 1971-1975 жылдар аралығында АҚШ тұрғындарының денсаулығын тексеру жөніндегі ұлттық бағдарлама аясында алынған 15 мыңнан аса адамның дерегі қамтылған. Ал үшіншісінде Стэнфорд мамандарының 2007-2017 жылдар аралығында жинаған (150 мыңнан аса адамның) мәліметтер талданған. Жалпы 677 мыңнан аса адамның дерегі қамтылған осынау мағлұматтардың үш тобын саралай келе адам денесінің орташа температурасын анықтауға тырысты. Талдау нәтижесі көрсеткендей, жастардың, әйелдердің және дене тұрқы ірі адамдардың дене температурасы неміс ғалымы белгілеп кеткен стандарттан сәл жоғары болатынына көз жеткізген. Бұған қоса, бұл көрсеткіш кеш мезгіліне қарай көтерілетінін де байқаған. Сонымен қатар, ғалымдар түрлі кезеңде өмір сүрген адамның дене температурасы арасындағы айырмашылықты да аңғарған. Мәселен, 2000-шы жылдары дүниеге келген ер адамның дене температурасы 1800-ші жылдары туған ерлерге қарағанда орташа есеппен алғанда 0,59 DEGC төмен болғанын да білген еді. Ал 2000-шы жылдары туған әйелдердің дене температурасы 1890-шы жылдары дүниеге келген әйелдерге қарағанда 0,32 DEGC төмен болатынын байқаған. Мамандардың есебі бойынша адамның дене температурасының орташа көрсеткіші әр он жыл сайын 0,03 DEGC-ге төмендеп отыратынына көз жеткізген. Бұл арада адамның жасы мен жынысы, бойының ұзындығы мен салмағы, тәулік мезгілі, т.б. факторлар ескерілгенін айта кету керек. eLife мерзімді басылымында жарияланған мақала авторларының топшылауынша, анықталған физиологиялық өзгерісті бірнеше фактормен түсіндіріп беруге болады. Біріншіден, адамның жалпы денсаулығы уақыт озған сайын медицинадағы прогреске байланысты жақсарып отырған (мәселен, антибиотик пен екпенің пайда болуы, созылмалы ауруларды емдеу, т.б.), сондай-ақ, тазалық құралдарының жаңа түрлерінің пайда болуы мен тағам өнімдерінің және өмір сүру сапасының артуы, т.б. факторлар өз әсерін тигізген. Бұл айтылғандардың барлығы өз кезегінде адам организіміндегі қабыну процесінің пайда болу ықтималдығын бәсеңдеткен. Ал қабына қалған жағдайда адам организімі адамныің дене температурасының көтеретін және метаболизмді тездететін мамандандырылған ақуызды (мәселен, цитокин) көптеп бөледі. Екіншіден, өркениет иглігі өз ықпалын тигізген: жылыту жүйесі, желдеткіш, т.б. Осындай осы заманғы тұрмыстық игіліктер ыстық және суық мезгілдерде үй температурасын бір қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Ал организмге термореттеу үшін қосымша энергияны сыртқа шығарып жатудың қажеті жоқ. Жаңа адам температурасын белгілеудің қиындығын айтып отыр ғалымдар. Өйткені, бұған бір емес, бірнеше, соның ішінде өзгеріп отыратын факторлар өз әсерін тигізеді. Сондықтан адамның қалыпты дене температурасын анықтау қиынға соғады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, ғалымдар бұрынырақта дене температурасының көтерілуі өз кезегінде күйзелістен арылуға септігін тигізетінін анықтаған болатын. Бұл енді өз алдына бөлек тақырып.