Адамның өлгенін оның жүрегінің тоқтағанымен емес, ми қызметінің тоқтағанымен анықтауды ұсынып отыр
Адамның өлгенін оның жүрегінің тоқтағанымен емес, ми қызметінің тоқтағанымен анықтауды ұсынып отыр
5 жыл бұрын 7027 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Гастингс университет орталығының биологтары адамның өлімін басқа тәсілмен анықтауды ұсынды. Аталмыш орталық, тіпті, бұл тақырыпта арнайы баяндама жасаған болатын. «Өлімді анықтау: ағзаларды транспланттау және Гарвардтың ми өлімі туралы елу жылдық баяндамасының мұрасы» деп аталатын ғылыми жарияланымда ғұмыр сүрудің тоқтағанын білдіретін құбылыстың нақты анықтамасы жөнінде сөз қозғалған. Мамандардың түсіндіруінше, өткен ғасырдың орта шеніне дейін адамның өлгенін оның тамырының соғуы, өздігінен тыныс алуы тоқтап, сыртқы факторларға селт етпеуі секілді белгілерге қарап анықтайтын болған еді. Өлімді анықтаудың мұндай принципі ескірген, деп есептейді ғалымдар. Медицинада өкпені жасады жолмен желдету, тамырдан нәр беру, т.б. арқылы миы өлген адамды бірнеше ай бойы, тіпті, жылдар бойы оның ғұмырын созуға болады. Ми қызметі тоқтаған соң оны өлдіге санау керектігін алға тартып отыр. Мәселен, 2013 жылы Жаки Маһмат есімді жасөспірім қызға Калифорния емханасында ота жасалған соң «ми қызметі тоқтады» деген диагноз қойылған болатын. Алайда,  оның өмір сүруін қамтамасыз ететін аппараттар мен жүйеге қосылғаннан кейін пациент тағы бес жыл өмір сүрген болатын. Оның өлімі 2018 жылы жүрегі тоқтаған соң барып «өлді» деген диагноз қойылған еді. Осыған байланысты адамның өлімін ендігі жерде басқаша тәсілмен анықтау қажеттілігін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат