Адамды бақылаудың тағы бір жүйесі пайда болды: енді не ойлап отырғаныңызды қадағалайды
Адамды бақылаудың тағы бір жүйесі пайда болды: енді не ойлап отырғаныңызды қадағалайды
4 жыл бұрын 3079 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Құлаққапқа ұқсас Emotiv құрылғысы адам сезінетін стрестен және адамның салғырттығынан, яғни, ұқыпсыздығынан хабар беретін ми толқынын ажырата алады. Біз сөз етіп отырған жаңа технология адамды бақылаудың тағы бір құралы ретінде алға шығады. Бұл жайында islam.kz порталы орыс тілінде хабар тарататын popmech.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, MN8 электроэнцефалографиялық құрылғысының пішіні сымсыз құлаққапқа ұқсайды. Күні бойы тағып жүрсеңіз де жайсыздық тудырмайды. Ал құрылғының өзі адамның стресінің, ұқыптылығының, назарының деңгейін анықтау үшін оның ми толқынын ұдайы қадағалайды. Осылайша компания басшылығы жұмысшыларының ми қызметінің белсенділігі арқылы олардың жұмысқа ынта-ықыласын, еңбек өнімділігінен ақпарат алып отырады әрі тиісті қорытынды шығарады. Emotiv компаниясының өкілдері мәлімдегендей, MN8 көмегімен қауіпсіз әрі тиімді жұмыс орнын ұйымдастыруға болады – қызметкерлер мен жұмысшылардың ми сигналы арқылы олардың жұмыс барысындағы белсенділігі мен ынтасын және назарын анықтай отырып, еңбек өнімділігін арттыруға болады. Emotiv компаниясының директоры әрі нейробиолог Оливер Оуллиер осы құрылғының көмегімен жұмысшыларының жұмыс кестесін оларға оңтайлы жолмен ұйымдастырып, тапсырмаларды беріп отырғанын жеткізді. Осы құрылғының көмегімен жұмысшыларының таңертеңгі кезде, яғни, жұмысқа кіріскенде стрес алатынын анықтаған. Сол себепті, аталмыш компанияда жұмысшылар жұмысқа жайырақ шығатын болған. Бұл құрылғыда адам миына кіріктірген кезде ми жасушасымен өзара әрекеттесетін шағын метал дискісі - электрод пайдаланылады Ол өз кезегінде адамның назары мен қырағылығына қатысты түрлі электромагникттік толқындарды аңдап, ажырататын болады. Бұл құрылғы болашақта денсаулық сақтау, ақпараттық технология, көлік, т.б. салаларда кеңінен пайдаланылуы мүмкін. Десе де оны адамды аңду, бақылау жүйесіне пайдаланылуы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды.

0 пікір
Мұрағат