Адам салмағын реттейтін аштық молекуласы табылды
Адам салмағын реттейтін аштық молекуласы табылды
3 жыл бұрын 5221 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Йел университетінің ғалымдары онкоологиялық ауруларды кейбір түрлерімен байланысты аугментор-альфа ақуызының аштық сезімі мен дене қимылының белсенділігіне әсер ете отырып, дене салмағын реттей алатынына көз жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде семіздік пен анорексия секілді ауруларға апарып соқтыратын зат алмасу процесінің ауытқуын емдеуге көмектесетін терапияның жаңа тәсілін жасауға септігін тигізеді. Аугментор-альфа — жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қатерлі ісік ауруларының дамуына ықпал етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, бұл ақуыз анапластикалық лимфомакиназа (ALK) рецепторымен байланысады және оны белсендіреді, ол мутацияға ұшыраған кезде балаларға тән болып келетін нейробластома, В-жасушалы лимфомалар және өкпе ісігінің кейбір түрлері сияқты қатерлі ісіктерді тудырады. Мамандар бұл тарапта аугментор-альфа ақуызының организмдегі рөлін тыңғылықты зерттей келе, дәлірегі, кеміргіштерде арнайы тәжірибе жүргізіп көрген: бұл ақуыз мидың гипоталамус аймағында, атап айтқанда агути-байланысты пептидті нейрондар (agouti-related peptide, AgRP) деп аталатын жасушаларда көбірек байқалған. Фонда Джин салыстырмалы медицина  профессоры Тамас Хорват (Tamas Horvath) пен аталмыш зерттеуге атсалысқан Дэвид Уоллестің айтуынша, AgRP нейрондары аштық сезімін қалыптастыруда маңызы зор, онсыз адам ас-ауқат тұтынудан қалып, аштан өледі. Аугментор-альфа ақуызының осы нейрондарда көбірек кездесетіндіктен оның метаболизмге де қатысы бары белгілі болған, яғни, зат алмасу процесіне де қатыстатыны мәлім болып отыр. Бұдан бөлек, ғалымдар аштықтың  осы нейрондарда аугментор-альфа ақуызының экспрессиясын арттыратыны анықталды. Ол ол ма, тышқандағы осы молекуланың синтезделу процесін тоқтатып тастаса, майдың өзін қорек етіп отырса да артық салмақ жимайтынын, керісінше арықтайтынын анықтаған, оның үстіне, дене қимылының белсенділігі артатыны да белгілі болып отыр. Ғалымдарың сөзіне қарағанда, азық тапшылығына тап болған кеміргіш энерияны үнемдеу үшін дене белсенділігін төмендетеді. Алайда, сонымен бірге, өзге жануарлар секілді қоректенсе де аугментор-альфа ақуызы жоқ кеміргіштің дене белсенділігі бәсеңдемейді. Байқасаңыздар, аталмыш ақуыз энергияны сақтауда маңызды рөл ойнайтын болып тұр. Осынау зерттеуге үлесін қосқан Йел институтының обыр биологиясының директоры, профессор Джозеф Шлезингер (Joseph Schlessinger) аугментор-альфа ақуызының метаболизимін баяулатуға да ықпал ететінін алға татып отыр. Міне, аталмыш ақуыздың осындай ерекшеліктеріне байланысты оны бірқатар ауруларды емдеуде тигізер пайдасы бар. Ақуыз синтезін тежейтін препараттар  ALK-ға бағытталған кейбір қатерлі ісікке қарсы дәрілер сияқты артық салмаққа әкелетін метаболикалық ауытқуларды емдеу үшін қайта тағайындалуы мүмкін. Осы молекуланың экспрессиясын немесе эффектісін күшейту арқылы артық салмақтан зардап шегетін немесе анорексиядан (салмақ жоғалтудан зардап шектіретін ауру) науқастарды емдеуге болады.

0 пікір
Мұрағат