Адам гормоны жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады
Адам гормоны жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады
4 жыл бұрын 3197 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдегі Вейцман институтының ғалымдары миллиондаған қан үлгілерін зерделей келе адам денесіндегі гормондардың көбісінің жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу жарияланған PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жайт өз кезегінде организмнің жыныстық белсенділігіне, термореттеуші жүйесіне және стреске төтеп беретін қабілетіне әсер етпек. Бәріңізге белгілі, циркадты ырғақтың не екенін, яғни, биологиялық сағат туралы азды-көпті білесіздер. Бұл сағат, мысалы, бізге қараңғы бата ұйықтап, таң ата оянуымызға көмектеседі. Жыл мезгілдеріне қарай жұмыс істейтін циркадты ырғақтың да болатынын айта кету керек. Организмді белгілі бір кезеңдердің әсеріне дайындайды, дәлірегі, бейімдейді. Мәселен, солтүстікті мекен ететін бұғылардың өз циркадты ырғағы болады: Арктикада түн қысқарып, күн ұзарып жарық молайған сайын олардың бойында лептин деп аталатын гормонның бөлінуі азаяды, бұл жайт өз кезегінде оларға энергияны аз жұмсауға, дене температурасын түсіруге, шағылысу маусымына дайындалуына көмектеседі. Әдетте циркадты ырғақ белсенділік (немесе ұйқы), пигментация (мәселен, кейбір түрлер қыста түсін өзгертеді), миграция (құстардың жылы жаққа қайтуы) немесе жануарлардың шағылысуы мен төлдеуі секілді кезеңдермен тығыз байланысты жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін, расын айту керек, адамның гормондық жүйесінің жыл мезгілдеріне тәуелділігі тиіп-қашып зерттелген әрі олардың нәтижелері бір-біріне кереғар келіп жатады. Ал израилдік ғалымдардың бұл тараптағы зерттеуі ауқымдылығымен алға шығады. Олардың зерттеуі бірнеше жыл бойы орын алған өзгерістерге қатысты барлық гормонның сараптамасын қамтиды. Нәтижесінде аталмыш зерттеуге жасы 15-тен асқан Израил халқының жартысы қатысқаны белгілі болды. Ғалымдар бұл зерттеуінде жыныстық сипатқа, метаболизмге (организмнің зат алмасуына), стреске және лактацияға (сүт безінің сүт бөлуі) жауапты гипофиз белсенділігінің өзгерісіндегі белгілі бір заңдылықты тапқан болатын. Гипофиз гормондарының шоғырлану деңгейі жаз мезгілінің аяғына таман артатын болып шықты. Гипофиз, бұл айтылғандардан бөлек, эндокриндік жүйе ағзаларының жұмысын да, соның ішінде қалқанша безінің ұмысын да реттейтін болып шықты.қалқанша безі де гормон бөлгенімен ол басқа ырғаққа бағынады. Мәселен, қалқанша безіне бағынышты тестостерон, эстрадиол және прогестагеннің шоғырлану деңгейі  қыстың бас кезінде және көктемнің бас кезінде рекордтық деңгейге жетеді. Зерттеу авторларының пайымдауынша, гипофизаның белсенділігі жаздың соңында қажет, өйткені, эндокриндік жүйеге күз бен қыс мезгілдерінде өсуіне әрі дамуына қолайлы әрі көктемге дайындалуы керек. Бұл зерттеу адам гормондарының күрт өзгеріске ұшырамайтынын көрсетіп берді, сонымен қатар, эндокриндік темір белсенділігінің өзгерісіндегі белгілі бір заңдылықты да айқындап берді. Яғни, адам миы жыл мезгілдеріне қарай организмді бейімдейді. Десе де бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары әлі жалғастырылатын болады, неге десеңіз, ғалымдар кей гормондардың биологиялық сағатқа қарамай өзгеріп отыратынына қатысты сауалдардың жауабын табуы керек. 

(ықшамдалып алынды) 

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гормондар

Гормондар[1] (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қанлимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекүсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксинкальцитонинпаратгормонинсулинглюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.

Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады. Қызметі - Зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігі арттырады Өсу мен көбеюді реттейді Физиологиялық үдерістерді күшейтеді немесе бәсеңдетеді Жасуша нысан - Гормон нысанада болатын нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар гормонның деңгейінің кішкене ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нәтижесінде олар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның мөлшері қалыпты жағдайға түседі[2][3][4] 

Ұқсас материалдар:

«Бактериялардың да адамдардікі секілді «ішкі сағаты» бар болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalardyn-da-adamdardiki-sekildi-ishki-sagaty-bar-bolyp-shyqty-14655/#gsc.tab=0);

«Биологиялық сағат: неліктен адамдар қартаяды?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/biologiyalyq-sagat-nelikten-adamdar-qartayady-14331/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат