Жапондар ерекше өрт сөндіру құрылғысын жасады (видео)
Жапондар ерекше өрт сөндіру құрылғысын жасады (видео)
5 ай бұрын 689 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон инженерлері өртті сөндіруге арналған ерекше шланг ойлап тапты. Дәлірегі, «Ұшатын айдаһар» деп аталатын бұл құрылғы көтерілу және орын ауыстыру, яғни, жылжу үшін су қысымын пайдаланады. Осылайша өрт шыққан жердегі отты сөндіріп, өрт сөндірушіні қатерден қорғайды. Бұл жайында islam.kz порталы frontiersin.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінің Flying Dragon жүйесінде екі төрт саптамалық қозғалтқыш қондырғы бар - біреуі шлангтың соңында, екіншісі одан шамамен 3 м қашықтықта. Олардың әрқайсысы су квадрокоптері секілді - әрбір саптамадағы клапандар ағынның екпіні мен бағытын басқарады, бұл артықшылық оның көтерілуіне, тепе-теңдік сақтауына және құламауына мүмкіндік береді. 6,6 л/с максималды шығын жылдамдығы 1 МПа дейінгі қысымды тудырады. Бұл шама шлангты шамамен 2 метрге көтеру үшін жеткілікті. Шлангының ұзындығы әзірге небәрі - 4 м. Бұл қашықтықта оператор өрт сөндіруді басқаратын «арба» орналасқан. Оператор «айдаһардың» басына орнатылған, әдеттегі және жылуды көру құрылғысымен жабдықталған камераны пайдаланады, ол шлангтың қай жерге бағытталғанын көрсетеді. Айрықша құрылғының негізгі кемшіліктері - қысқа шланг және ұшу биіктігінің төмендігі. Толық нұсқа бойынша осы параметрлердің әрқайсысын жетілдіруге болады, алайда, әлдеқайда ауыр шлангты көтеріп, сүйретіп апаруға тура келер еді. Осыны ескерген ғалымдар құрылғыны тасымалдауда қиындық тудырмайтын жолдарды іздестіруде

0 пікір
Мұрағат