24 сағаттта өздігінен қалпына келетін жасанды тері жасалды
24 сағаттта өздігінен қалпына келетін жасанды тері жасалды
2 жыл бұрын 980 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Материал 70°C-қа дейін қызған кезде небәрі 24 сағатта немесе бөлме температурасында шамамен бір аптада қалпына келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Стэнфорд университетінің ғалымдары «жараларды емдеуге» қабілетті көп қабатты синтетикалық электронды тері жасап шығарды. Мұндай материал зақымдалған жерді өздігінен танып, тауып, біртіндеп, қабат-қабатымен қалпына келтіреді. Материал бірнеше қабаттан тұратын тірі терідегі табиғи процестерге тән құбылысты қайталай алады. Түрлі қабаттары түрлі қасиеттерге ие. Мысалы, олардың біреуі температураның өзгеруін «сезеді», екіншісі – қысымды, т.б. Міне, осындай әр қабаттың ерекшеліктерін имитациялайды. Инженерлер көп қабатты жабынды жасау үшін силикон мен полипропиленгликол материалдарын пайдаланды. Ол адам терісі сияқты жыртылмай созыла алады, ал магниттік қасиеттері терінің өздігінен туралануына мүмкіндік береді. Материал қызған кезде ол қалыпты күйіне оралмас бұрын жұмсарады. Ал зақымдалған болса, ол 70°C-қа дейін қыздырғанда небәрі 24 сағатта қалпына келеді. Бұл ретте магниттік қасиеттер көп қабатты жабынның сипаттамаларын сақтай отырып, жеке қабаттар арасындағы байланыстарды орнатады. Зерттеушілер мұндай тері нақты гуманоидты роботтарды жасауға мүмкіндіктер ашады, деп есептейді. Сезімтал тері, бір жағынан, оларға кеңістікте жақсы бағдарлауға және тапсырмаларды орындауға көмектеседі, ал екінші жағынан, бұл адамдармен бірге жұмыс істеу кезінде оларды қауіпсіз етеді, жазатайым оқиғаларды болжауға және алдын алуға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар:

«Саңырауқұлақ мицелиінен зақымдалғанда өздігінен қалпына келетін жасанды тері жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sanyrauqulaq-mitseliinen-zaqymdalganda-ozdiginen-qalpyna-keletin-jasandy-teri-jasaldy-18539/#gsc.tab=0);

«Электрлі сигналдарды өткізетін жасанды тері жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/elektrli-signaldardy-otkizetin-jasandy-teri-jasaldy-18697/#gsc.tab=0);

«Жасанды тері жанаспай-ақ жақындап келе жатқан обьектіні немесе субьектіні сезеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-teri-janaspai-aq-jaqyndap-kele-jatqan-obektini-nemese-subektini-sezedi-18131/#gsc.tab=0);

«Ақылды тері» жасалды: жәндік шақса да, оқ атса да ауырсынуды сезінесіз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqyldy-teri-jasaldy-jandik-shaqsa-da-oq-atsa-da-auyrsynudy-sezinesiz-video-18061/#gsc.tab=0);

«Арабтар жасанды тері жасады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-jasandy-teri-jasady-14485/#gsc.tab=0);

«Электрондық тері қимылдарды таниды: оның көмегімен мәтінді ауада теруге болады» (https://cattar.islam.kz/kk/post/elektrondyq-teri-qimyldardy-tanidy-onyn-komegimen-matindi-auada-teruge-bolady-video-10495/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар былғарыны, жіп пен қағазды саңырауқұлақтан жасалған материалмен алмастырудың жолын тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-bylgaryny-jip-pen-qagazdy-sanyrauqulaqtan-jasalgan-materialmen-almastyrudyn-jolyn-tapty-video-16557/#gsc.tab=0);

«Жасанды тері ойлап тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-teri-oilap-tapty-6917/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат