17 жастағы инженер магнитсіз қозғалтқыш ойлап тапты: оны электрлі көліктерде қолдануға болады (видео)
17 жастағы инженер магнитсіз қозғалтқыш ойлап тапты: оны электрлі көліктерде қолдануға болады (видео)
2 жыл бұрын 1146 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Роберт Сансон есімді 17 жастағы инженер кәдімгі қозғалтқыштармен салыстырғанда қосымша 39 пайыз айналу мезетімен айрықшаланатын магнитсіз қозғалтқыш жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Роберт Сансон  бұл өнертабысы жоғары мектептерге арналған, әлемдегі ең ірі халықаралық STEM байқауы болып табылатын Regeneron халықаралық ғылыми-технологиялық жәрмеңкесінде (ISEF) бас жүлдеге ие болып, 75 000 доллар ұтып алды. Әрине, оның өнертабысы электрмен жүретін көлік саласында немесе өнеркәсібінде бұрыннан бар тұжырымдама, магнитсіз қозғалтқыштар бозбаланың өнертабысына дейін болған, алайда, оқушының бұл еңбегі инженерлерге үлгі-өнеге болып қалады. Синхронды, реактивті қозғалтқыштар әдетте сорғылар мен желдеткіштер үшін қолданылғанымен  электрлік көліктерде пайдаланылмайды. Дегенмен, Роберт Сансонның моделі айналу мезетін жақсартады және магниттерді қажет етпейді, оның құрылғысы қымбат  әрі сирек кездесетін металдар арқылы жасалатын өзге балама түрлеріндей шығыны мен машақаты көп өнертабыс емес. Бір жыл ішінде Sansone компаниясы 3D форматымен басып шығарылған пластикті, мыс сымдарды және болат роторды пайдалана отырып, синхронды, реактивті қозғалтқыштың жаңа түрін жасады. Оның айналу мезетін анықтау үшін лазерлік тахометрмен сынап көрді және бозбаланың бұл тараптағы зерттеуі ISEF-те бас жүлдені жеңіп алды.

0 пікір
Мұрағат