Ұшақтарға биік ұшуға тура келеді: тропосфера ұлғайып келеді
Ұшақтарға биік ұшуға тура келеді: тропосфера ұлғайып келеді
3 жыл бұрын 4435 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудан атмосфераның ең төменгі қабаты – тропосфераның көлемі ұлғайып келеді. Бұл жайт ұшақтардың ұшуына кедергі келтіреді. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances  мерзімді басылымына (science.org ақпарат көзіне) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлттық атмосфераны зерттеу орталығының ғалымдары анықтағандай, тропосфераның көлемі 2001-2020 жылдар аралығында шамамен 53 метрге ұлғайған және әр он жыл сайын осынша метрге ұлғайып келеді. Әзірге тропфосферадағы бұл өзгеріс климат пен ауа райына қалай әсер ететіні зерттелген емес. Десе де тропосфераның бұл өзгерісі өз кезегінде ұшақтардың ұшуына елеулі кедергі келтірмек. Дәлірегі, ұшақтар турбуленттіліктен (ұшу кезіндегі селкілден) қашу үшін жоғары ұшуға мәжбүр. Тропосфераның тропопауза деп аталатын жоғарғы қабаты ыл мезгілдеріне қарай кішірейіп немесе үлкейіп тұрады. Алайда, жаһандық жылыну қарқын алған сайын ылу атмосферада ұзағырақ сақталады, нәтижесінде тропосфера ұлғаяды. Тропосфераның ұлғаюы бұрынғыға қарағанда шапшаң қарқын алып келеді: 1980-2000 жылдар аралығында тропосфераның ұлғаюы 49,9 метрді құраса, бұл көрсеткіш 2001-2020 жылдар аралығында шамамен 53 метрге жеткен.

0 пікір
Мұрағат