Тік қабырғаға қонып-ұша беретін инелік-дрон жасалды (ВИДЕО)
Тік қабырғаға қонып-ұша беретін инелік-дрон жасалды (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 3211 inform.kz tech.onliner.by

Стэнфорд университетінің инженерлері әуед ұшып жүріп тік қабырғаға қонып, оның бойымен өрмелей алатын дронды жұрт назарына ұсынды.

Робот SCAMP деп аталды.  Бұл Stanford Climbing and Aerial Maneuvering Platform сөзінің қысқартылғаны. Роботты құрастырушылардың сөзіне қарағанда, ол белгілі бір жерге жетіп, қабырғаға бекініп тұрып айналасына барлау жасай алады. 

Дрондарға қарағанда SCAMP ұзағырақ жұмыс жасай алады.  Робот әуедегі орнын анықтайтын датчиктермен жабдықталған, айналасын сенсор көмегімен барлайды. Егер ол тік қабырғадан құлап кетсе автоматты түрде ебелегін айналдырып алып жерге түспей ұшып кете береді.  

Ол қабырғада бекініп тұрғанда қуат жұмсамайтыны аталып өтілді. Сондықтан қатардағы дронның үш минуттық жұмысына жететін батареяның көмегімен SCAMP бірнеше сағат жұмыс істей алады.

0 пікір
Мұрағат