Теңіз балдырынан биомұнай өндіріле бастады
|
Балтық федералды университетінің ғалымдары теңіз балдырынан биологиялық мұнай өндіру технологиясын патенттеді. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде жаһандық жылыну мен климат дағдарысына себеп болып отырған қазбалы отынмен байланысты қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетіп қоймай, сонымен қатар, көміртегін өндіру шығынын айтарлықтай азайтады әрі органикалық ластану деңгейін де кемітеді. Теңіз өсімдігінен мұнай өнімін алу үшін сулы балдырды жабық реакторға салып, 300 °C-қа дейін қыздыру керек. Бұл аралықта қысым 30-40 атмосфераға дейін артады. Мұндай жағдайларда мұнай, көмір және су сіңіріледі. Аталмыш процесс жер қыртысында болып жатқанға ұқсас, тек ол жеделдетілген жылдамдықпен жүреді - миллиондаған жылдардың орнына жарты сағат кетеді. Қазір ғалымдар басқа шикізатпен тәжірибе жасауда - олар ағаш қабығынан, қамыс пен тамақ өндірісінің қалдықтарынан синтетикалық май алуға тырысуда.