Таяу болашақтағы ықтимал соғыстың барысы... (3 видео)
Таяу болашақтағы ықтимал соғыстың барысы... (3 видео)
4 жыл бұрын 4057 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Немістердің қорғаныс саласындағы алыбы Rheinmetall компаниясы таяу болашақтағы соғысты қалай елестетінін көрнекі құралмен беріпті. Таулы Қарабақ аймағы үшін болған әзірбайжандар мен армяндар арасында әзірбайандардың мерейін үстем етіп, басқыншылардан жерін азат етуге көмектескен әскери дрондарға басымдық берілген. Неміс концернінің видеосында. Дәлірегі, әскери операцияларға арналған дрондар жаяу құрлық әскерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында барлық қатерлі опреацияларды орындайды. Осылайша адам шығынын болдырмауға көмегін тигізеді. Әскери дрондар жаяу құрлық әскерін дамытудың маңызды компонентіне айналып отыр. Rheinmetall компаниясы осынау осы заманғы қару-жарақ жүйесінің концептуалдық артықшылығына ие болған әскери дрондардың қарым-қабілетін танытатын видеоларды интернетке жүктеген екен. Rheinmetall компаниясының видеоларының бірінде нақты жағдай көрсетіледі: арнайы жасақ сарбаздары A-UGV дрондарының көмегімен терроризмге қарсы миссияны «орындайды». Әскери дрон жаудың позициясын, ресурсын, т.б. барлау, жаудың көзін жою, қадағалау немесе жүкті тасымалдау секілді түрлі тапсырмаларды орындай алады. Десе де ең басты екпін сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жау тасаланған ғимаратқа алдымен кіру, т.б. арқылы сарбаздарға қатердің қайдан екенін ескертеді. Жауды бақылау үшін оптикалық және тепловизорлық сенсорлармен жабдықталған A-UGV дроны пайдаланылады. Сарбаздың жеке заттары, оқ-дәрісі 40 келі салмақтағы жүкті көтере алатын дронның көмегімен тасымалданады. Rheinmetall компаниясының 3D-анимациялық ролигінде майдан даласында сарбаздың орнына өз бетінше жауды нысанаға алып, оқ жаудырып, ұрыс жүргізе алатын дрондардың қарым-қабілеті көрсетіледі. Осы орайда A-UGV доңғалақты дроны алғаш рет 2017 жылы жұртшылық назарына ұсынылғанан айта кетпекпіз, ол толық дербес әскери машина есебінде әрекет етеді, 600 келі тартатын жүкті алып жүре алады, түрлі қарумен жабдықталады. Сағатына 40 шақырымды артқа тастайтын аталмыш дрон суды сағатына 5 шақырымдық жылдамдықпен кешіп өте алады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Ұлыбританияның қарулы күштері роботтан жасақталатын бөлімшесінде Rheinmetall компаниясының әскери өнімдерін пайдаланбақшы.

 

0 пікір
Мұрағат