Судың микропластикпен ластануына қарсы робот балықтар жасалды
Судың микропластикпен ластануына қарсы робот балықтар жасалды
2 жыл бұрын 2065 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары, дәлірегі, аталған елдің оңтүстік-батыс өлкесіндегі Сышуан университетінің ғалымдары микропластикті қорек ететін робот құрастырды. Бұл құрылғы өз кезегінде су қоймаларындағы, өзен мен көлдегі, теңіздегі, мұхиттағы микропластикпен ластану деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұстағанда жұмсақ және көлемі небәрі 1,3 сантиметр болатын робот балық таяз суда микропластиктерді сорып алады. Қытай ғалымдары келесі кезекте роботты судың терең тұсынан микрпластик жинайтындай етіп әрі теңіздің ластану деңгейінен нақты уақыт аралығында хабар алатындай етіп жетілдіуді көздеп отыр. Қытай ғалымдарының айтуынша, мұндай жеңіл роботты биомедицинада дәне күрделі отада қолдануға болады. Қара робобалық жарыққа реакция танытады, бұл оның қанаттары мен денесін жылжытуға көмектеседі. Ғалымдар оны басқа нысандармен соқтығыспау үшін жарықпен басқара алады. Егер оны балық жұтып қойса, ол балыққа зиян келтірмейді, қорытылып кетеді, өйткені, ол биологиялық тұрғыдан жатырқамайтын полиуренттен жасалған. Робо балықтар ластаушы заттарды сіңіріп, зақымдалған кезде қайта қалпына келеді. Ол секундына 2,76 дене ұзындығына дейін жүзеді - жасанды жұмсақ роботтардың көпшілігінен жылдам.

0 пікір
Мұрағат