Шиғалардың қызыл алтыны (фото)
Шиғалардың қызыл алтыны (фото)
4 жыл бұрын 3625 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алтынға теңестірілмесе де алтынға балап теңеу айтылатын өнімдерден біздің білетініміз: мақта – ақ алтын, мұнай – қара алтын. Ауыспалы мағынасында сондай алтындардың біріне Иран аумағында өсетін запырангүл жатқызылып жүр, аталған өсімдік «қызыл алтын» аталып кеткен. Жергілікті халық арасында. «Қызыл алтын» дейтін себебі, бұл өсімдіктің 1 келісінің өзі 1300 доллар тұрады. Бұл жайында tr.mehrnews.com ақпарат көзі хабар таратты. Биіктігі 20-30 сантиметрге дейін жететін өсімдіктің бұл түрінен дәмдеуіш әрі бояғыш алынады. Әр гүлде тек үш шашақ бар. Запырангүл жылына тек 10-15 күн ғана жаппай гүлдейді. Запырангүлдің гүлдеуі үш күннен аспайды. Аталмыш өсімдіктің аналық аузын алғашқы гүлдеген күні кесіп алу керек. Аталмыш өсімдіктің қымбат болатын себебі, қолмен жиналатындығында жатыр. Бел жазбайтын бейнетімен қымбат. Күн сәскеге көтерілгенше – гүлдің қауызын кеуіп кетпей тұрғанда жинап үлгеру керек. Сол үшін бозала таңнан бастайды. Бір жарым келі специй алу үшін 225 гүлдің шашағы керек. Ол үшін 75 мың гүлді жинауың керексің. Запырангүлсіз ирандықтардың ас мәзірін елестету мүмкін емес. Ирандықтардың оны пайдаланып келе жатқанына мың жылдан асты. Әлемде запырангүлдің90%-ы Иран жерінде өндіріледі. Көбіне араб және Еуропа елдеріне экспортталады. Иран аумағында жылына запырангүлдің 300 тоннасы өндіріледі. Иранның ауыл шаруашылық министрлігінің дәрілік өсімдіктер жөніндегі ұлттық жобаның жетекшісі Хұсейн Зейналының айтуынша, 2016 жылы запырангүлдің эспорты 203 тоннаны, 2017 жылы 237 тоннаны құраған, ал 2018 жылы 280 тоннаға жеткен. Ал Mehr News ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, Иран жерінің шамамен 115 000 гектарына запырангүл өсіріледі. Ал әлемде запырангүл өсірілетін аумақтың көлемі 122 000 гектарға жетеді. Жыл сайын әлем бойынша запырангүл өсіру мақсатында шамамен 5000 гектер жер қосымша игеріледі. Биыл парсылар елі 430 тонна запырангүл өндіруді алдына мақсат етіп қойды. Запырангүл өнеркәсібінде 200 мыңға тарта жұмыс орны ашылған. Жиын-теріннен бастап өңдеу, сұрыптау, орау секілді өндірістің барлық сатысы бойынша. Әлемнің 40-тан аса еліне экспортталатын өсімдікті негізінен Испания, Вьетнам, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Нидерланды, Кувейт, Түркия, Венгрия, Қытай, Жапония, Үндістан тұтынады.

İran'da safran hasadı

İran'da safran hasadı

İran'da safran hasadı

İran'da safran hasadı

İran'da safran hasadı

İran'da safran hasadı

İran'da safran hasadı

İran'da safran hasadı

İran'da safran hasadı

İran'da safran hasadı

0 пікір
Мұрағат