Қатты жылдамдықты сағатына 100 шақырымнан асырмайтын болды. Жол-көлік апатының алдын алу үшін емес, басқа мақсатта...
Қатты жылдамдықты сағатына 100 шақырымнан асырмайтын болды. Жол-көлік апатының алдын алу үшін емес, басқа мақсатта...
4 жыл бұрын 3429 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нидерланды аумағындағы автомагистралдарда осы уақытқа дейін рұқсат етілген сағатына 130 шақырымға дейінгі жылдамдықты бұдан былай күндізгі уақытта 100-ге төмендетпек. Бұл шектеу шарасы әдетте жол-көлік апатының алдын алу үшін немесе жол-көлік қауіпсіздігі үшін емес, қатты жылдамдық кезінде атмосфераға бөлінетін азот диоксидін азайту мақсатында қолға алынып отыр. Жол-көлік қозғалысына қатысты жаңа ереже келесі жылы – 2020 жылдан бастап, қолданысқа енеді. Ал сағатына 130 шақырымдық режимге кешкі және түнгі уақыттарда рұқсат етіледі. Аталған ел мұнымен ғана шектеліп қалмай атмосфераға азоттың бөлінуін азайтудың басқа да шараларын қарастырып жатыр: мал жеміндегі ақуыздың мөлшерін азайту арқылы да қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетпек. Кәрі құрлықтағы аталмыш елдің жоғарғы соты 2019 жылдың мамыр айында ел аумағындағы барлық құрылыс және инфрақұрылымдық жобалардың тексерілуін міндеттейтін шешім қабылдаған болатын. Атмосфераны ластау деңгейі белгіленген мөлшерден асып кететін 18 мың жобаны тоқтатқан еді.

0 пікір
Мұрағат