|
Әлемде терактіден ең көп қырылған қай дін өкілдері
|
Француздардың «Саяси креатив» деп аталатын ұйымы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, халықаралық терроризмнен мұсылмандар ең көп зардап шеккен әрі көп қырылған. Лаңкестердің қолынан әрі терактіден әлем бойынша өлгендердің 90%-дан астамын мұсылмандар құраған. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты. Француздардың аталмыш ұйымы бұл бағыттағы есепті 1979 жылдан (КСРО әскерінің Ауғанстанға кіргізілген тұстан) бастап есептеген екен. 1979-2019 жылдар аралығында әлемнің әр түкпірінде ұзын саны 33 769 теракті орын алып, 167 096 адам көз жұмған, 151 431 адам жарақат алған. Бұл терактілердің 89,1% мұсылман елдерінде болған. Мұсылман елдерінде терактіден өлгендер қарасы 91,2%-ды құраған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Ас қалдықтарының атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлетіні айтылды
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады