Шешек ауруының қатері сейілмей тұр
Шешек ауруының қатері сейілмей тұр
15 күн бұрын 1005 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Балаларды шешекке қарсы екпемен қамту деңгейінің аз төмендеуінің өзі аталған аурудың таралу аумағын ұлғайтады. Ол ол ма, шешекке қарсы екпе алмағандықтан өзге инфекциялық аурулар өршиді. Бұл жайында islam.kz порталы JAMA мерзімді басылымының сайтына (jamanetwork.com) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар қызылшаға (шешекке), қызамыққа, полиомиелитке және дифтерияға қарсы екпемен аз қамтудың салдарын моделдеді. Тіпті, қазіргі иммундау (екпе егу) деңгейінің өзінде тек бір ғана Америка құрама штаттарының өзінде жыл сайын 850 мыңнан астам адам қызылшаға шалдығуы мүмкін екені белгілі болды. Егер иммундау көрсеткіші тағы 10 пайызға төмендесе, онда сырқаттардың саны жылына 11 млн-нан асуы мүмкін. Шешек (қызылша) жұқпалы індет: бір ауру адам 18 адамға дейін жұқтыра алады. Оның арты індетке ұласпасы үшін халықтың кем дегенде 95 пайызы екпемен қамтылуы тиіс. Қызылша індетін жұқтырудың салдары ауыр: әрбір бесінше баланың өкпесі қабынады (пневмония), мың баланың біреуінің миы қабынады. Ал миы қыбанған бала есту қабілетінін айырылады. Өлім қаупі 01-03 пайыз аралығында ауытқиды. Қызылшаға қарсы екпенің төмендеуі тек шешекпен ауыратындар қарасын көбейтіп қоймай, сонымен қатар, бүгінде екпенің арқасында адамзат ұмытқан өзге қауіпті аурулар бас көтеруі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат