Қажылық ережесі қатаңдатылды
|

Сәуір айының 29-нан бастап қасиетті қос мекенге, дәлірегі, Мекке мен Мәдинаға кіру үшін арнайы рұқсат талап етіледі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Report агенттігіне жөн сілтеген Orda.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Сауд Арабиясының мемлекеттік құзырлы орындардың мәлімдемесіне сәйкес киелі қос қалаға өз алдына бөлек жеке виза алу керек. Аталмыш ереже маусымның 10-на дейін қолданылады.
Саудия ішкі істер министрлігі бұл ереже талаптарын бұзғандарға келесідегідей шара қолданады:
- Қажылықты арнайы рұқсатсыз атқарғандарға немесе қажылық кезінде Меккеге туристік немесе өзге визалар бойынша келгендерге 20 ың риалға (шамамен 5300 доллар) мөлшерінде айыппұл салынады;
- Рұқсатсыз қажылық жасау үшін визаға жалған өтініш бергені үшін, сондай-ақ, тыйым салынған кезеңде Меккеде және қасиетті орындарда жүргендер 100 000 сауд риалына дейін (шамамен 26 000 АҚШ доллары) айыппұл төлейді;
- Қажылықты орындауға талпынған резидент болсын мейлі, виза мерзімін ұзартылған шетел азаматы болсын мейлі, заңсыз әрекеті үшін елден қуылады және елге келуіне шектеу қойылады;
- Рұқсаты жоқ жандарды қажылыққа тасымалдаған адамның көлігі сот үкімімен тәркіленеді.
Мұндай шара қажылық кезіндегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар

■
Америкалыққ қыз қазақ тілін 15 жасынан бастап үйреніп, ислам дінін қабылдаған екен...

■
Ұрығы сапалы ерлердің ұзағырақ өмір сүретіні анықталды

■
Оңтүстік-шығыс Азияның наным-сенімі бөлек елінде мұсылманша жерлеу туралы заң қабылданды

■
Мұсылман елі көмірден газ өндірмекші

■
Еуропалық ел 2027 жылдан бастап жаңа үйлерге күн панелін қоюды міндеттейтін болады