Германиядағы атеистер саны елдегі протестанттар мен католиктерден асты
Германиядағы атеистер саны елдегі протестанттар мен католиктерден асты
15 күн бұрын 964 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы (2024) рим-католик және протестант шіркеуі шамамен 580 000 жамағатын жоғалтқан. Бүгінде Германияның 47%ы өзін ешбір наным-сенім өкіліне жатқызбайды немесе қандай да бір дінды ұстанбайтынын мәлімдеген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Evangelical Focus ақпарат көзіне жөн сілтеген inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Германия аумағында өзін дінсіз санайтындар қарасы алғаш рет өзін протестантқа немесе католикке жатқызатын діндарлар санынан асты. Осы жылдың сәуір айында жарияланған Weltanschauungen (Fowid) зерттеу тобының жыл сайынғы сауалнама нәтижесіне сәйкес, 39 миллион неміс өздерін «титулдық емес» деп жариялады (халықтың 47%), ал біріккен рим-католик және протестант шіркеулерінің 38 миллион жамағаты бар (45%). 2024 жылдың қорытындысы бойынша римдік католиктер 24%, протестанттар 21%, мұсылмандар 3,9%, басқа діни қауымдастық өкілдері Германияның діндар халқының 4,1% құрайды. Ал жергілікті мұсылмандар санына қатысты мәліметке келсек, аталған еуропалық ел аумағында өткен жылы 80 мың адамға көбейген. Бұл дерек Германияның көші-қон және босқындар ісі жөніндегі федералды құзырлы орынның жыл сайынғы есебінде келтірілген.

0 пікір
Мұрағат