Шаштан 1000 есе жұқа, радиацияға төзімді күн панелдері жасалды
Шаштан 1000 есе жұқа, радиацияға төзімді күн панелдері жасалды
2 жыл бұрын 1790 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Элементтердің екі түрінің схемасы. Сурет: Barthel et al., Journal of Applied Physics

Инженерлер күшті радиацияға төзімді ультра жұқа күн панелдерін жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы жаңа құрылғының сипаттамасы жарияланған Journal of Applied Physics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инженерлер фотоэлектрлік элементтерді жасаудың жаңа технологиясын ұсынды. Галлий арсенидіне негізделген күн панелдері дәстүрлі түріне қарағанда бірнеше есе жұқа, соған қарамастан бірдей энергия шығарады, бұдан бөлек, ғарыштық сәулеленуге төзімді. Бұл технология спутниктердің батареясының қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектеседі. Зерттеушілер фотоэлектрлік құрылғылардың екі түрін жасау үшін жартылай өткізгіш галлий арсенидін пайдаланды. Соның бірі - әртүрлі материалдарды бір-бірінің үстіне қою арқылы жасалған чиптегі дизайн (құрылымы) болды. Жасушалар радиацияға төзімділігінің кілті болып табылатын жарық сіңіретін газдың ультра жұқа қабатын қамтыды. Екінші жағдайда жарықты сіңіруді жақсарту үшін күмістелген артқы айна қосымша қолданылды. Екі құрылғының қалыңдығы 120 нм-ден аспады. Ол адамның шашынан мың есе жұқа. Құрылымның сыртқы әсерлерге тұрақтылығын (төзімділігін) тексеру үшін ғалымдар фотоэлектрлік ұяшықтарды ғарыштық сәулеленуді имитациялайтын протондармен сәулелендіріп көрді. Санық нәтижесі ультра жұқа конструкциялардың сыртқы әсерлерге әлдеқайда жақсы төтеп бере алатынын көрсетті. Күн панелдері ғарыштық зерттеулерде кең қолданыс тапты. Дегенмен, заманауи құрылымдар радиоактивті сәулеленудің әсерінен уақыт өте келе тозып, түрлі ақауларға ұшырайды. Нәтижесінде электр энергиясын өндіру мөлшері азаяды. Зерттеушілер жаңа технология күн батареяларының қызмет ету мерзімін ұзартады және ғарыштық ұшулардың тиімділігі мен ұзақтығын арттырады деп есептейді.

Ұқсас материалдар:

«Арабтар ойлап тапқан күн батареясының артықшылығы неде» (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-oilap-tapqan-kun-batareyasynyn-artyqshylygy-nede-14878/#gsc.tab=0);

«Терезе орнына қойылатын күн панелі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tereze-ornyna-qoiylatyn-kun-paneli-paida-boldy-17607/#gsc.tab=0);

«Бұлтты күні де күн энергиясын жинайтын батарея жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/bultty-kuni-de-kun-energiyasyn-jinaityn-batareya-jasaldy-17049/#gsc.tab=0);

«Күн және жел электр станcaлары біріктірілді. Құрылғы кез келген ауа-райында жұмыс істейді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-jane-jel-elektr-stancalary-biriktirildi-qurylgy-kez-kelgen-aua-raiynda-jumys-isteidi-video-17617/#gsc.tab=0);

«Күн батареясы қалдықтарының дағдарысы: ғалымдар бұл тығырықтан шығудың жолын іздейді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kun-batareyasy-qaldyqtarynyn-dagdarysy-galymdar-bul-tygyryqtan-shygudyn-jolyn-izdeidi-17542/#gsc.tab=0);

«Ғарыш аппараттарына арналған күннен қуат алатын батареяны өздері құрастырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/garysh-apparattaryna-arnalgan-kunnen-quat-alatyn-batareyany-ozderi-qurastyrady-10592/#gsc.tab=0);

«Жиналмалы күн панелі бар электромобилді көлік» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jinalmaly-kun-paneli-bar-elektromobildi-kolik-video-13437/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат