Шайдан шайға тән емес ДНҚ табылды
Шайдан шайға тән емес ДНҚ табылды
3 жыл бұрын 1412 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биологтер нарықта кеңінен тараған шай мен шай орнына тұндырып ішетін шөптердің 40 үлгісін зерделеген екен. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Biology Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Триер университетінің және Макс Планк эволюциялық биология институтының бір топ ғалымы бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізді. Ғалымдардың айтуынша, супермаркеттерде сатылатын шай мен кептірілген шөптерде буынаяқтылардың эДНҚ-сы көптеп кездескен. Табиғи ортада өрмекшілер мен басқа да буынаяқтылар  ДНҚ-сы, дәлірегі, экологиялық ДНҚ (eDNA) қалдырады. Олар қоректенгенде немесе әжет өтегенде немесе сілекей қалдыруы мүмкін. Осының нәтижесінде ғалымдар соңғы бірнеше жылда пайда болған осы заманғы озық әдістердің көмегімен жәндіктердің ДНҚ-сын тапқан. Мысалы, ғалымдар буынаяқтылар сияқты белгілі бір организмдер тобына ортақ ДНҚ жіпшелерінің бөліктерін анықтайды. Ғалымдар жәндіктердің эДНҚ-сын өсімдік ДНҚ-сынан бөлу үшін осы әдісті пайдаланды. Содан кейін олар үлгілерді суда өңдеп, одан эДНҚ алды. Содан кейін олар қайнар көздерін анықтау үшін eDNA-ны зерттеді. Биологтар шайдың 40 үлгісін зерттеп, шайға тән емес ДНҚ іздерін тапты. Атап айтқанда, жыртқыштар мен шөпқоректілерді, сонымен қатар, детритофагтарды және паразитоидтарды қоса алғанда, буынаяқтылардың 1200-ден астам түрлерінің еДНҚ-сы табылған. Әрбір үлгіде кем дегенде 200 тіршілік иесінің еДНҚ-сы бар екені белгілі болды және олардың көпшілігі жасыл шайдан табылған.

0 пікір
Мұрағат