Роботты «пробиркадағы ми» арқылы басқаратын жүйе құрылды
Роботты «пробиркадағы ми» арқылы басқаратын жүйе құрылды
5 ай бұрын 531 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар роботтарды басқару үшін ми органоидын нейрондық интерфейс чипімен байланыстыратын жүйені ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы news.tju.edu.cn ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдағы Тианжин университеті мен Оңтүстік ғылым және технология университетінің зерттеушілері зертханада өсірілген миы бар робот жасалғанын хабарлады. Нейрондардан жасалған органоид машинаны түрлі тапсырмаларды орындауға үйрету үшін пайдаланылды. Аталған жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, робот заттарды оңай ұстап, кедергілерді айналып өтуге үйретілген. Сондай-ақ, технология электрод чипімен үйлесетін, «in vitro» (құтыда) өсірілген ми органоидтарын қолданады. Ми органоидтары адамның плюрипотентті (яғни, ұрықтың) діңгекті жасушаларының өзін-өзі ұйымдастыруы және дифференциациялауы (саралануы) арқылы құтыда өсірілген (in vitro жасалған) нейрондардың үш өлшемді объектілерінен тұрады. Даму барысында олар мидың күрделі құрылымына «еліктей» алады немесе сала алады (имитациялайды). Brain-on-a-chip (Мидағы чип) технологиясы мұндай органоидтарды сыртқы электрондық жүйелермен біріктіреді. MetaBOC бағдарламасы - «әлемдегі алғышқы күрделі «чиптегі ми» ашық бастапқы интеллектуалды ақпараттық байланыс жүйесі». Бұл  технологияның гибридті адам-робот интеллектісін, яғни, гибридті сананы жасауға көмектесетініне сенім артып отыр. MetaBOC чиптегі ми мен басқа электрондық құрылғылар арасындағы интерфейс ретінде әрекет етеді. Бірегей жүйе органоидқа әлемді электронды сигналдар арқылы қабылдауға, оған рұқсат етілген кез келген басқару құралдарын пайдалануға және белгілі бір тапсырмаларды орындауға үйренуге мүмкіндік береді. Ғалымдар ми жасушаларының сфералық (яғни, шар тәрізді) органоидтарын қолданатынын алға тартып отыр: олардың үш өлшемді физикалық құрылымы жасушаларға адам миында болатындай күрделі нейрондық байланыстарды құруға мүмкіндік береді. Органоидтар қарқыны төмен ультрадыбыстық ынталандыру арқылы өсіріледі, зерттеушілердің айтуынша, бұл мидың жетілуіне көмектеседі және оның тиімділігін арттырады.

0 пікір
Мұрағат