Қыздырғанда обырға ұрындыратын улы заттар бөлетін өсімдік майлары аталды
Қыздырғанда обырға ұрындыратын улы заттар бөлетін өсімдік майлары аталды
3 жыл бұрын 2034 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тарапта жүргізілген бірқатар зерттеу нәтижелері кейбір өсімдіктен алыған, тағам әзірлеу кезінде пайдаланылатын майлардың онкологиялық ауруларға шалдықтыратын қатері барын көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде британиялық Daily Express мерзімді басылымына жөн сілтеген inosmi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар анықтағандай, төрт тағам майынан алынған генетикалық қосындылар организм үшін улы болып келеді. Міне, осындай себеппен мұндай майларды тағам әзірлеуде пайдаланбауға кеңес береді. Қыздырған кезде альдегид деп аталатын, түрлі қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін химиялық заттар түзетін әрі бөетін жүгері, күнбағыс, палма және соя майлары турасында сөз болып отыр бұл арада. Ғалымдардың пікірінше, улы қосындылар ретинальдегидтің қышқылдануына ықпал етіп, ретинді қышқылға айналдырады. Бұл жайт өз кезегінде қатерлі ісік жасушаларының өсіп-өнуіне ықпал етпек.  Басқа майларға қарағанда кеңінен тұтынылатын күнбағыс майын түтіндегенше, яғни, жалын мен ыс бөлгенше аса жоғары температураға дейін қыздыруға болады, алайда, ол полиқаныққан майларға бай болғандықтан қыздыру кезінде альдегидтерге ыдырайды. Бұл бағыттағы зерттеулердің бірі көрсетіп бергендей, дәлірегі, Де Монфарта университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесінде өсімдік майына қуырылған тағамдағы альдегид мөлшері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген нормадан 200 есе асып кеткен.  Ғалымдар осы орайда өсімдік майларының ішінде кокос майына жететіні жоқ деп отыр. Десе де кейбір эпидемиологиялық зерттеулер бойынша альдегидтің қатерлі ісік дертіне шалдықтыратыны турасында нақты дәлел жоқ. Бұдан бөлек, қайыра пайдаланылған өсімдік майының тоқ ішек обырына шалдықтыру қатері жоғары екенін алға тартып отыр. Өйткені, ыдыраған майлар гендердің мутацияға ұшыратып, өзгертуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат