Қытай ғалымдары ауа арқылы жазатын лазерлік «қалам» жасап шығарды
Қытай ғалымдары ауа арқылы жазатын лазерлік «қалам» жасап шығарды
2 жыл бұрын 2448 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Hongtuo Joint Laboratory

Қытай физиктері жасаған құрылғы молекуланы жарыққа айналдыру үшін аса күшті импулсты пайдаланады. Оның көмегімен ауада кез келген өрнек салуға болады. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі,Ухан қаласындағы  Hongtuo ультра жылдам лазерлердің бірлескен зертханасының физиктері ауада қалқып тұратын кескіндерді жасайтын лазерді ойлап тапты. Ультра қысқа лазерлік импульстарды пайдалана отырып, құрылғы ауа газдарының молекулаларынан электрондарды алып тастап, олардың жарқырауын тудырады. Құрылғы жарық түрінде энергия шығаратын плазманы немесе иондалған газды жасау үшін ауадағы жоғары қарқынды лазерлік импульстарды жинау немесе шоғырландыру арқылы жұмыс істейді. Зерттеушілер пиксел нүктелерін орналастыру және таңбаларды ауада дәл кескіндеу үшін 3D сканерін пайдаланғанын айтты, бірақ, оның қалай жұмыс істейтінін түсіндірмеді. Кескінді құрайтын қысқа импульстар бірнеше фемтосекундқа ғана созылады. Экспозицияның өте қысқа ұзақтығына байланысты лазерлік қаламның ең жоғары қуаты бір миллион МВт жетуі мүмкін. Сонымен қатар, құрылғының орташа кіріс қуаты тек бірнеше ондаған ватт құрайды, бұл ерекшелігі оны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Физиктер бұл технологияны жетілдіруді жоспарлап отыр. Лазерлік импулстің таралуын бақылауды арттыру арқылы олар ауада жарқын және толыққанды, яғни, қанық түсті кескіндерді жасай алады. Ғалымдар аталмыш  технологияны жоғары дәлдікті қажет ететін салалларда, атап айтқанда, өндірісте, миды визуализациялауда, медицинада және кванттық есептеуде қолдануға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат