Қытай аппараты Айдың арғы бетіне қонып, топырақ үлгісін алып кері ұшты (видео)
|
Қытайдың «Чанъэ-6» ұшқышсыз ғарыш кемесі сенбіден жексенбіге қараған түні Айдың арғы бетіне қонды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде cnsa.gov.cn ақпарат көзіне жөн сілтеген hightech.fm сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ұлттық ғарыш басқармасы (CNSA) Чанъэ-6 зондының Айдың арғы жағына сәтті қонғанын хабарлады. Топырақ үлгісін жеткізу модулі Бейжің уақытымен жексенбі күні таңертең Оңтүстік полюс-Айткен бассейнінің соққы кратеріне түскен. CNSA инженерлері жердің табиғи серігінің арғы жағына қону күрделі инженерлік тапсырма болатынын жеткізді. Ұшуды басқару орталығының қону модулімен тікелей байланысы болмады, сондықтан зондқа арналған командалар мен одан алынған деректер тек жақында Ай орбитасында орналастырылған Queqiao-2 релелік спутнигі арқылы мүмкін болған. «Чанъэ-6» екі күн ішінде 2 келі ай материалын жинау үшін шелек пен бұрғыны пайдаланады. Содан кейін үлгілер қондырғыштың жоғарғы жағындағы зымыран күшейткішіне ауыстырылады, ол ғарышқа ұшып, Ай орбитасында ғарыш кемесімен кездесіп, жерге оралады. Станса маусым айының 25-і күні қайтып оралалуы тиіс.
Қытайдың «Чанъэ-6» автоматты, планетааралық стансасының зонды бүгін алғаш рет топырақ үлгілері жиналған Айдың арғы жағынан ұшып шықты.