Құрсақтағы шарананың миына алғаш рет ота жасалды
Құрсақтағы шарананың миына алғаш рет ота жасалды
2 жыл бұрын 832 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық нейрохирургтер құрсақтағы шарана миындағы өлімге әкелуі мүмкін тамыр ақауын түзету үшін операция жасады. Бұл тамыр патологиясы жаңа туған нәрестеге өлім қаупін тудырады. Бұл жайында islam.kz порталы ahajournals.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бостон балалар ауруханасы мен Гарвард медициналық мектебінің Бригам және әйелдер емханасының ғалымдары ақау шалған Гален тамырын қалпына келтіру үшін алғашқы құрсақішілік отаны сәтті жасады. Құрсақ ішіндегі Гален тамырының ақауы бар шаранаға эмболизация жасады - - емдеу барысында олар ультрадыбысты басқаратын трансuterine эмболизациясын қолданды. Медицина ғылымдарының докторы, Бостон балалар ауруханасының цереброваскулярлы хирургия орталығының тең директоры және Гарвард медициналық мектебінің радиология кафедрасының доценті Даррен Б. Орбахтың айтуынша, бұл тараптағы ота сәтті өткен және нәресте туғаннан кейін өзін жақсы сезінген. Әдетте туғаннан кейін білінетін аурудың белгілері анықталмаған. Өмірге аман-есен келген шақалақтың жүрек-қан тамыр жүйесіне қолдау көрсетудің қажеті болмай қалды. Неврологиялық ауытқу да байқалмады. Бұдан бөлек, магнитті-резонансты томографияда тексерілген шақалақтың миынан инсултке бастайтын белгі байқалмады, ол ол ма, сұйықтықтың жиналғаны немесе қан кету де орын алмаған. Шақалақ дәрі қабылдамайды, денсаулығы бір қалыпты, тамақттанады, салмақ қосуда. Гален тамырының ақауы – құрсақішілік, сирек кездесетін ауытқу: ағыны күшті, қысымы жоғары қанды жүректен миға тасымалдайтын артериялар капиллярлар арқылы емес, ми түбіндегі терең негізгі жинаушы тамырлардың біріне тікелей қосылады. Туған кезде және туғаннан кейін нәрестенің тамыр физиологиясының өзгеруіне байланысты жоғары қан ағымы жүрек пен миға көп салмақ түсіреді. Бұл ауытқы өз кезегінде өкпе гипертензиясына, жүрек жеткіліксіздігіне және өмірге қауіп төндіретін басқа жағдайларға әкелуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат