«Қатты тоқу» технологиясы қайта пайдалануға болатын күнделікті заттарды жасауға мүмкіндік береді (видео)
«Қатты тоқу» технологиясы қайта пайдалануға болатын күнделікті заттарды жасауға мүмкіндік береді (видео)
5 ай бұрын 711 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иуши Хироши есімді өнертапқыш өзінің «қатты тоқу» концепциясын жүзеге асыруға арналған жобасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл технология қайта пайдалануға болатын көптеген күнделікті заттарды жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай жолмен әзірленген бұйымдарды тағы кәдеге жарату үшін аз уақытта түрлендіруге болады. Ерекше құрылғы тоқыма машинасы мен басқару блогынан, сондай-ақ, дайын өнімді бөлшектеуге арналған құралдар жиынтығынан тұрады. Негізгі жұмыс материалы - арматураланған тоқыма, пластмасса немесе металдан жасалған шнур. Одан болашақ бұйымның қаңқасы да, оның салмасы да (сұлбасы немесе нұсқасы) тоқылады. Ең бастысы, шнурдың түрлі бөліктерінің бір-бірімен ешқандай байланысы болмағандықтан тоқылған барлық нәрсені кәдімгі иірілген жіп сияқты шешіп, содан кейін қайтадан пайдалануға болады. Төзімді трикотаж конструкцияларын жасау оңай емес, осыған  байланысты өнертапқыш функционалды және ыңғайлы түйіндерді әзірлеуге ондаған жыл жұмсаған екен. Бұл процесс бағдарламалау мен 3D басып шығару технологиясына біршама ұқсас - құрылым бастапқыда дайын блоктар жиынтығынан виртуалды түрде жиналған. Негізгі айырмашылық - бұл процесс барысында сым біртұтас болып қалады, фрагменттерге бөлінбейді және дайын өнім «бүтін тоқылған» күйінде болады. Бірегей технологияның ерекшелігі - оның масштабтау (ауқымды затқа айналдыру) мүмкіндігінде жатыр; соның ішінде шағын шнурларды немесе жіптерді пайдалану арқылы дайын өнімді кішірейтуге болады. Осының арқасында сіз көптеген элементтерді, соның ішінде қайта пайдалануға болатын қаптамаларды жасай аласыз. Қалдықтарды тудырмас үшін көп күш жұмсамай-ақ жуып, жаңа және пайдалы нәрсеге айналдыруға болатын.

Вязаные вещи

Аппарат для твердого вязания

0 пікір
Мұрағат