Қасиетті Рамазанда, Арабстанда раушан гүлдеді (видео+фото)
Қасиетті Рамазанда, Арабстанда раушан гүлдеді (видео+фото)
4 жыл бұрын 3271 материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гипер сілтеме берілуі міндетті

Саудияның батысында орын тепкен Тайып қаласында раушан өсіріледі. Биыл раушан қасиетті Рамазан айында гүлдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Alarabiya ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көктем мезгілінде Тайып қаласы маңындағы шөл құлпырып кетеді. Раушан гүлінен алынған эфир майы қасиетті Зәм-зәм суымен араластырылады, онымен қасиетті Қағбаны жуады. Қағбаны жууға саудиялық бекзадалар мен ғалымдар, саяси әне қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссия қызметкерлері қатысады.

Бен Салман фермасының жұмысшылары күн сайын он мыңдаған гүлді жинап, одан опа-далап пен тағам қоспаларын дайындайды. Жұмысшылардың бір тобы алқаптан гүл терсе, екінші тобы сарайда өлшеп, суға қайнатып, қоспалар алу үшін еңбектенеді. Бір ғана Тайып қаласында 800-ден аса гүл фермасы бар, олардың көбісі раушан гүлдегенде есіктерін айқара ашып, былайғы жұртқа қызмет көрсетеді. «Раушан қаласы» атанып кеткен Тайыпта жыл сайын 300 млн-дай гүл өсіріледі.

Saudi Arabia's city of roses blooms in Ramadan | Al Arabiya English

 

0 пікір
Мұрағат