Қабілеті адамнан кем түспейтін жасанды зерде медбикесі жасалды (видео)
|
NVIDIA компаниясы шынайы адамдарға қарағанда мейірбике функцияларын әлдеқайда жақсы орындай алатын жасанды зердені жасау үшін Hippocratic AI технологиясымен, яғни, Гиппократтық жасанды зердемен тығыз жұмыс істеді. Бұл қадам денсаулық сақтау саласындағы жаһандық «маман тапшылығын» шешуге бағытталған. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. NVIDIA медициналық AI агенттері Polaris нейрондық желісі арқылы жұмыс істейді. Hippocratic бас директоры Мүнжал Шах генеративті AI заманауи медицинаның ең өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесетініне сенімді. Атап айтқанда, оны кадр тапшылығы, қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету сияқты мәселелерді шешуге пайдалануға болады. NVIDIA топ-менеджері, денсаулық сақтау бизнесін қадағалайтын Кимберли Пауэлл технологияның пациенттерге адамша жауап беретін дәрежеде әрекет ететінін алға тартып отыр. Polaris сынағы оның негізгі сөйлесу параметрлері бойынша ChatGPT-4, LLaMA-2 70B желілерінен, тіпті, америкалық медбикелер мен терапевттерден де асып түсетінін көрсетті. Америка құрама штаттарынының денсаулық сақтау саласындағы жұмыс күшінің жетіспеуішілігі артып келеді (2030 жылға қарай ол 10 миллионға жетуі мүмкін). Аталмыш технология төніп келе жатқан осы дағдарыстың алдын алудың бір парасы. Дегенмен, нейрондық желілер қанша жерден дамыса да ауруханалардағы медбикелерді ешқашан толықтай алмастыра алмайды. Медбикелер өздерінің лауазымдық нұсқаулықтарында жазылғаннан әлдеқайда көп жұмыс істейді. Нейрондық желінің бір сағаттық жұмысына кететін шығын - 9 доллар, ал медбикенің бір сағаттық жұмысына кететін шығын – 42 доллар, медбиеке еңбегі қымбатқа түссе де ауруханалар олардың еңбегін пайдаланудан бас тартпайды. Дегенмен, AI медбикелері медицина қызметкерлеріне көп көмегімен тигізеді.