Планетаны апаттан құтқару әлем экономикасына нақты қауіп төндіреді
Планетаны апаттан құтқару әлем экономикасына нақты қауіп төндіреді
1 жыл бұрын 1200 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Chalinee Thirasupa / Reuters

Жаһандық жылынуға себеп болып отырған көміртектен ада әлемге айналу мақсаты өз кезегінде халықаралық сауда-саттыққа айтарлықтай салмақ түсірмек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) шолу есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген kommersant ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ХВҚ-ның фиксалдық мәселелеріне жауапты департамент директоры Витор Гаспар 2023 жылдың соңына қарай жаһандық мемлекеттік қарыз деңгейі жалпы ішкі өнімнің 93 пайызына дейін көтерілетінін және бұл тараптағы көрсеткіштің одан ары өсетінін алға тартты. Осы қатерді ескерген ХВҚ 2050 жылға дейін көміртектен ада әлемге айналу мақсатына қанша қаражат жұмсалатынын есептеді. Аталмыш ұйым климат дағдарысын еңсеруге қатысты уәделерді орындаудың екі сценарийін сараптады – атмосфераға бөлінетін парникті газдарды сату және көміртегі бағасын белгілеу, сондай-ақ, жаңа инфрақұрылымды құруға тартылатын инвестиция және «жасыл» индустриялар мен технологияларға мемлекеттік қолдауды арттыру. ХВҚ сарапшылары бұл мақсатқа жетуге қажетті шығынды тек мемлекет тарапынан өтеудің арты эмитент елдердің қарызын жалпы ішкі өнімге шаққанда 40-50 пайызға арттыруға әкеп соқтыратынын ескертті. Атмосфераға бөлінетін заттар саудасы  керісінше қарыз мөлшерін жалпы ішкі өнімге шаққанда 10-15 пайызға төмендететінін алға тартып отыр. Көміртегінің бағасын белгілеу саясаты қазірдің өзінде 50 елде қолданылады, ал 23 ел мұндай тетікті енгізу бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл тараптағы баға белгілеу схемалары барлық зиянды заттардың төрттен бір бөлігін ғана қамтиды және олардың орташа құны тоннасына 20 долларды құрайды – бұл көрсеткіш көміртектен ада әлемге айналу мақсатына жету үшін тым аздық етеді.

0 пікір
Мұрағат