Пестицидттен жойылмайтын улы химикаттар табылды
|
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бейкоммерциялық жұмыс тобының ғалымдары пестицидтердің құрамында адам үшін улы «мәңгілік химиялық заттардың» барған сайын көбейетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Environmental Health Perspectives мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада су жолдарын ластайтын және негізгі азық-түліктерге шашылатын пер- және полифторалкил қосылыстары (PFAS) турасында сөз болып отыр. қатысты. Бұл заттарды қолдану ережесі осы уақытқа дейін тек өнеркәсіптік зауыттарға, полигондарға және тұтыну өнімдеріне қатысты қолданылып келген екен. Бұл тараптағы сараптама барысында зерттеушілер пестицидтердің белсенді және инертті ингредиенттері туралы ақпарат алу үшін жалпыға ашық деректер базасын пайдаланды. Белсенді ингредиенттер зиянкестерге бағытталған, ал инертті ингредиенттер улы белсенді ингредиенттердің тиімділігі мен тұрақтылығын арттырады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесінде Америка құрама штаттарындағы барлық пестицидтік белсенді ингредиенттердің 14 пайызы PFAS екенін, соның ішінде соңғы он жылда мақұлданған заттардың үштен біріне жуығын құрайтынын анықтады. Пестицидтердегі 8 инертті ингредиенттің де PFAS екені белгілі болды, оның ішінде химиялық тефлон кездеседі. Сонымен қатар, пестицидтер мен тыңайтқыштарды сақтау үшін қолданылатын пластикалық контейнерлер PFAS-тың қосымша мөлшерін шығаратындығы анықталды. Ал АҚШ-тың Рокки Виста университетінің ғалымдары ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтердің әсерін темекі тартудан болатын қатерден кем емесін алға тартып отыр. Дәлірегі, қатерлі ісік қаупі жоғары екенін ескертті. Frontiers in Cancer Control and Society мерзімді басылымында жарияланған зерттеу нәтижесіне сәйкес пестицидтер лимфа жүйесінің қатерлі ісігі, лейкоз және қуық асты безінің қатерлі ісігінің даму қаупін арттыруы мүмкін екендігі анықталды. Ең үлкен қауіп тек бір заттан емес, түрлі пестицидтердің комбинациясынан туындауы мүмкін екенін атап өткен жөн.
Ұқсас материал:
"Пестицид өлімге апаратын су патогендерінің таралуына ықпал етеді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/pestitsid-olimge-aparatyn-su-patogenderinin-taraluyna-yqpal-etedi-13891/#gsc.tab=0);