Шетелге кеткен азаматтардың зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар ма?
Шетелге кеткен азаматтардың зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар ма?
8 жыл бұрын 4335 7kun.kz

Зейнет­ақы төлемдері халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударымдары мен өзге де түсімдер есебінен мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын ортақ зейнетақы жүйесі. Бұл зейнетақы базалық және еңбек деп аталатын екі бөліктен құралған. Базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге және зейнетке шыққан сәтте еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты айды құрайтын тұлғаларға төленеді. Ал  тұлғалар шетелге кетсе немесе азаматтығын ауыстыратын болса жинақталған зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар ма?

Сонымен, азаматтар Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын жеріне кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 32- баптарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын жеріне кеткен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар;

2) Заңның 33- бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын жеріне кететін немесе кеткен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Зейнетақы төлемдерін алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі — № 1042 қаулы) сәйкес БЖЗҚ-ға өтініш білдіру тәсіліне байланысты төмендегідей құжаттар тізбесін тапсырады.

Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын жеріне кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін алу үшін тапсырылатын құжаттар тізбесі:

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары төлемін алу құқығына  ие тұлғалар

Құжат тапсыру тәсілдері

Қажетті құжаттар тізбесі

Міндетті зейнетақы жарналары/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары/ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан, зейнетақы жинақтары бар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар

БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде

1) шетелдік төлқұжатының көшірмесі (белгілері бар беттерінің) және салыстырып тексеру үшін шетелдік төлқұжатының түпнұсқасы;

2) алушының банктік шоты туралы мәлімет

сенім білдірілген тұлға арқылы (құжаттар тек БЖЗҚ-ға сенім білдірілген тұлғаның өзі келіп тапсырған жағдайда ғана қабылданады)

1) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда басқаша белгіленген жағдайларды қоспағанда, шетелдік төлқұжатының (белгілері бар беттерінің) (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса) нотариат куәландырған  және заңдастырылған көшірмесі;
2) сенім білдірілген* тұлғаның жеке басын  куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;3) нотариат куәландырған сенімхат немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

4) Алушының банктік шоты туралы мәлімет

Пошта байланысы арқылы

1) белгіленген нысандағы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш, оны алушы өздігінен толтырады (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – жарналар типіне байланысты №1 немесе №3 қосымшалар «БЖЗҚ» АҚ-ныңhttp://www.enpf.kz/11467 web-сайтында орналастырылған), бұл ретте алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса);

2) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда басқаша белгіленген жағдайларды қоспағанда, шетелдік төлқұжатының (белгілері бар беттерінің) (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса) нотариат куәландырған  және заңдастырылған көшірмесі;

3) Алушының банктік шоты туралы мәлімет.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жарналары бар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар

БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде

1) шетелдік төлқұжатының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігінің көшірмесі (белгілері бар беттерінің), салыстырып тексеру үшін шетелдік төлқұжатының түпнұсқасы немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;

2) Алушының банктік шоты туралы мәлімет.

Сенім білдірілген тұлға арқылы (құжаттар тек БЖЗҚ-ға сенім білдірілген тұлғаның өзі келіп тапсырған жағдайда ғана қабылданады)

1) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда басқаша белгіленген жағдайларды қоспағанда, шетелдік төлқұжатының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігінің (белгілері бар беттерінің) (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса) нотариат куәландырған  және заңдастырылған көшірмесі;

2) сенім білдірілген* тұлғаның жеке басын  куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) нотариат куәландырған сенімхат немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

4) Алушының банктік шоты туралы мәлімет.

Пошта байланысы арқылы

1) белгіленген нысандағы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш, оны алушы өздігінен толтырады (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – жарналар типіне байланысты №1 немесе №3 қосымшалар «БЖЗҚ» АҚ-ныңhttp://www.enpf.kz/11467 web-сайтында орналастырылған), бұл ретте  алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса);
2) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда басқаша белгіленген жағдайларды қоспағанда, шетелдік төлқұжатының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігінің (белгілері бар беттерінің) (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса) нотариат куәландырған  және заңдастырылған көшірмесі;3) Алушының банктік шоты туралы мәлімет.

* Қазақстан Республикасының 23.01.2013 ж. № 73-V «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңының 1-бабының 13) тармақшасына сай шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат – шетелдік паспорт.

Осыған орай, егер сенім жіктелген тұлға шетелдік болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік паспорт ұсыну керек (Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспорты қарастырылмайды).

Құжаттарды заңдастыру талаптарына қатысты:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығымен бекітілген «Консулдық заңдастыру қағидаларының» 1 және 2-тармақтарына сәйкес, консулдық заңдастыру құжаттардың орналасқан мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексерумен және осындай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды тұлғаның қолы мен мөрдің түпнұсқа екендігін анықтау және куәландырумен сипатталады. Заңдастыру құжаттар мен актілердің халықаралық қатынастағы құқықтылығын растайды. Заңдастырудың мақсаты құжаттың әрекет етуі тағайындалған елдің органдары алдында құжаттың түпнұсқа және тиісті дәрежеде рәсімделгені туралы кепілдік беру болып табылады.

Заңдастыру талаптарына жауап беретін құжаттар немесе актілерге қабылданған үлгідегі заңдастыру жазбасы жасалады. Заңдастыру жазбасы үшін орын болмаған жағдайларда, ол құжатқа немесе актіге қоса тіркелетін жеке параққа жазылады және заңдастыруды жүргізген тұлғаның қолымен және мөрімен бекітіледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төмендегі құжаттарды ұсынған кезде:

 Алушының нотариат куәландырған қолы қойылған зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініші/нотариат куәландырған сенімхат/шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі/азаматтығы жоқ адамның куәлігі және басқа да құжаттарды тапсырған кезде олардың қазақ немесе орыс тілдеріне аудармаларыболуы керек, сонымен бірге алушы тұрған мемлекеттегі шетелдік нотариус пен аудармашының шет тілінде жасаған барлық куәландырушы жазбаларының (соның ішінде алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолының растығын нотариаттық куәландырудың) қазақ немесе орыс тіліне жасалған аудармалары болуы керек. Бұл ретте аударма тігілуі қажет (аударылған құжатпен бірге бекітілуі тиіс), егер алушы тұратын мемлекеттің заңнамасында басқаша көзделмеген болса, құжаттарды тіккен немесе бекіткен жері нотариустың немесе басқа өкілетті адамның  мөрімен куәландырылуы тиіс.  Сондай-ақ шетелдік нотариус жасаған барлық нотариаттық әрекеттер, соның ішінде алушының, аудармашының қолын, құжаттардың көшірмелерін, сенімхатты растау бойынша куәлік ету үшін жасаған әрекеттері заңдастырылуы немесе апостильденуі қажет.

Қазақстан Республикасының аумағында заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды аударуды жүзеге асырған жағдайда, аудармашының қолы немесе нотариус болмаса басқа уәкілетті тұлға жасаған аударманың дұрыстығы нотариалды куәландырылады.

Шетелдік төлқұжатын алатын кезде алушының деректемелері, атап айтқанда, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда Құжаттар тізбесіне қосымша шетелдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ресімделген негізгі деректемелердің өзгеруін  растайтын төмендегі құжаттардың біреуінің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса):

  1. Қазақстан Республикасының уәкілетті органының анықтамасы;
  2. Шетелдік мемлекеттің уәкілетті органының анықтамасы;
  3. Тегінің/атының/әкесінің атының ауысқаны туралы куәлігі/анықтамасы;
  4. некені қию/бұзу туралы куәлігін ұсыну қажет.

Назар аударыңыз!

Тұрғылықты мемлекетте шетелдік төлқұжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылмайтын жағдайда, растаушы құжат (құжат көшірмесін куәландырудан бас тарту туралы нотариустың қаулысы немесе басқа құжат) ұсынылуы керек.

0 пікір
Мұрағат