Қапта өсірілген картоп екі есе өнім береді (фото)
Қапта өсірілген картоп екі есе өнім береді  (фото)
5 жыл бұрын 3226 ernur.kz Эльмира Базарбаева

Жер аударып жатудың қажеті де жоқ...

Міне, қыстың соңғы айын да аяқтап келеміз. Көктем келе қарбалас шаруа көбейе түседі. Әсіресе, қала мен далада егін егіп, шаруасын дөңгелететіндер үшін бау-бақшаны дайындауды, көркейтуді ойластыратын, жоспарлайтын кезең. Мұндай кезде бақшаның жер көлемі, қаражаты үнемдеу, мол өнім алу ойластырылғаны жөн. Ол үшін түрлі тәсілдер мен әртүрлі арзан заттарды пайдаланып, ерекше дүниелер жасауға болады.

Бүгінде жерді пайдалану үлкен мәселеге айналған. Әсіресе, қалада тұратындар үшін үй мен сарай салса аулада титтей ғана жер қалатыны жасырын емес. Бірақ, базар мен сауда орындарынан алғаннан, уақыт пен ниет болса, бір үйге жететін өнімді ерінбей өзіңіз-ақ өсіріп аласыз.

Бау-бақша өнімдерін қабырғада өсіруге болады

Иә, қызанақ, қияр, тәтті бұрыш секілді ең қажетті көкөністерді аулада жер болмаса, қабырғада-ақ өсіріп ала беруге болады. Ол үшін: ескі үлкен сөмке, полиэтиленді пакет және топырақ қажет.

Полиэтилен қалтаға топырақ салып, оны сөмкенің ішіне саламыз. Қалтадан су ағып қабырғаны бүлдірмес үшін қорған болуға пайдаланылады. Сонымен қатар сәнді көріну үшін қалтаның түсін егетін дақылдың түсіне қарай таңдауға болады. Мысалы, қызанақ үшін жасыл, тәтті жасыл бұрышқа немесе қиярға қызыл түсті пакет деген секілді. Сөмкені ұстағыш бауынан қабырғаға ілеміз. Топыраққа қажетті дәнді салып, су құйып қалыпты жағдайдағыдай күтім жасау керек. Тек сөмке ішінде өсіруге қажетті дақылдардың аласа бойлы сұрыптарын таңдауды ескеру керек.

Төбеден төмен қарай салбыратып өсіру тәсілі

Өсімдіктерді төңкерілген күйде өсіруге болады. Бұл үшін қақпағы бар 1л пластикалық бөтелкені қолдануға болады.

Бөтелкенің түбіне бірнеше ұсақ тесіктер жасаймыз, ұзынша етіп жіптер өткізіп қоямыз (бұл кейін іліп қою үшін). Алдымен түбіне газет, содан кейін дәнді тастап, үстінен топырақ салып, нығыздаймыз. Су сеуіп, күтіп баптаймыз, 20 см шамасында өсіп шыққан соң, бөтелкені жаймен төңкеріп қажетті жерге іліп қоямыз. Дақылдарды бұлай өсірудің өзінді артықшылықтары бар. Біріншіден бұл өте сәнді, екіншіден өсімдіктің сабақтары жемісінің салмағынан сынып кетпейді.

Қапта өскен картоп

Шекер мен ұннан босаған бос қаптарға немесе кең пластик құбырға картоп егуге болады. Бұл өте оңай.

Қапты немесе құбырды топыраққа толтырып ішіне өнген картопты саласыз. Үнемі суғарып тұру керек. Сондай ақ күн көзі молынан түсіп тұратын жерге қойған жөн, қабырғаның жаны, жеміс ағаштарының арасы т.с.с. Мұндай ыдыста өскен картоптың түбін қопсытудың, арамшөптен тазартудың қажеті жоқ, жұмыс жеңілдейді, бірақ, өнімі қалыпты егуге қарағанда екі есеге мол болады.

Жүрек пішіндегі қияр, қарбыз немесе төртбұрышты алма

Иә адамның қиялында шек жоқ. Қазіргі кезде көкөністер мен дақылдарды өзінің қалыпты жағдайынан өзгеріп (домалақ пішіндегілер төртбұрышты) немесе түсі өзгерген (алманың қара түстілері де болады) түрлерін көріп таңырқамайтын дәрежеге жеттік. Шынында, мұны өсірудің еш қиындығы жоқ. Егер жүрек қарбыз, төртбұрышты алма, үшбұрышты қызанақ өсіргіңіз келсе төмендегі тәсілді қолданыңыз.

- Алдымен сізге қажетті қалыптағы ыдыс қажет. Мұндай ыдыстар арнайы бақша дүкендерінде сатылады немесе ашық түсті қатты пластик қалыптар жарайды. Мұндай қалыптың екі жағы да тесік болғаны жөн. Себебі, ішіндегі өнім буланғанда су болып жиналып қалмауы керек.

- Қалып түйнек шамалы өсіп қалған кезде кигізіледі. Қалып кең болғаны дұрыс. Қалыптың іші толық толған кезде өнімді алуға болады.

- Өнімді қалыпты кигізген соң да бұрынғыша күтіп-баптай бересіз.

Мұндай ерекше пішінді өнімдер кез-келген жанның тәбетін ашары сөзсіз. 

0 пікір
Мұрағат