Пияздың пайдасы
|
Пияз бен сарымсақ бір-біріне ұқсас өсімдіктер және екеуі де иісі бірден білінетін күкірті бар компоненттерге бай. Сондай, компоненттердің бірі - инсулиннің секрециясын көбейтетін аллил пропил дисульфид (APDS). Бұл жағдайда ағзадағы инсулиннің көлемі артады. Бұл, әсіресе, жаттығудан шыққан соң тіскебасуға өте пайдалы. Егер пиязды протеин іріткісінен, көмірсу және креатиннен дайындалған коктейльмен араластырса, ағзадағы пайдалы заттардың артуына көмектеседі. Салатқа арналған пияз да алма секілді өте тәтті. Әрбір спорттық жаттығуға барған сайын бір бума пиязды алып кетуге тырысыңыз. Егер жаттығудан соң, асүйге баратын уақытыңыз болса, жұмыртқаның ағы мен пияз және томатты араластырып омлет дайындасаңыз болады. Пиязда кверцетин өте көп саналады. Дене шынықтырудан соң кішкентай пияз жеуге дағдыланған жөн.
Сіз пиязды көп жейсіз бе?
Күнделікті өмірде тағамды пиязсыз елестету мүмкін емес. Алайда оны ұнататындардың саны да бұл ғаламда көп емес шығар. Ұнамайды екен деп дәрумендердің қоймасы, табиғи антибиотик болып табылатын пиязды мүлдем жемей қоюға да болмайды. Назарларыңыға пияздың пайдасы жайында аз-кем ақпарат ұсынамыз.
Домалақ басты пияз
Көк пияз
Сопақ басты пияз
Ескерту:
Пайдалы екен деп пиязды шамадан тыс қолдануға да болмайды. Пайда бар жерде кесел де бар екендігін ұмытпаңыз! Егер сізде ас қорыту жолының қабынуы немесе жарасы болса немесе жүйке қозуына бейім болсаңыз пиязды көп пайдалану сізге кері әсер етуі мүмкін. Себебі домалақ басты пияз асқазанның шырышты қабатын және ішекті тітіркендіреді және калийдің молдығы жүйке жүйесінің тым аса қозуына, жүрек ритмінің бұзылуына себепші болады.